ШҰҒЫЛ! Бір айда 31 өрт оқиғасы тіркелді Толығырақ

54 отбасы жаңа қоныс тойын тойлады

19:19, 8 қыркүйек 2017

"Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған алғашқы тұрғын үй пайдалануға берілді

Ақтөбеде, тіпті еліміз бойынша "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасымен салынған алғашқы көпқабатты үй пайдалануға берілді. Бүгін 54 отбасы жаңа қоныс тойын тойлады. Қуаныш иелерін облыс басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтап, пәтер кілттерін қожайындарына салтанатты түрде табыстады.

Бұл 9 қабатты тұрғын үй 9 айда салынып бітіпті. Бой көтеруіне "Соллерс" серіктестігінің септігі тиген. Компания бастапқыда "Сбербанк" арқылы 14 пайызбен несие алады. Кейін оның 7 пайызын - "Даму" қоры субсидиялайды. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет пайдалануға берілген баспананың 27 пәтері - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына тиесілі болды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Былтырдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Нұрлы жер" бағдарламасы жүзеге асып жатыр.  Бағдарламаның ең негізгі міндеті кезекте тұрған., жинақ банкісінде салымы бар азаматтарға тез бітетін үйлерді беру. Біз "Нұр Ақтөбе" шағын ауданында үй салуды бастадық. Жыл аяғына дейін бірінші кезең бойынша, азқабатты үйлерді береміз

Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, құжат тапсырғандар пәтер кілттерін алды. Ұзақ жылдан бері баспана кезегін күткендердің арманы орындалды. Отбасы күні мерекесі қарсаңында баспаналы болғандардың қуанышында шек жоқ. Жаңа пәтер иесі Роза Төлегенова - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 4 жылдан бергі салымшысы. Байғанин ауданының тұрғыны облыс орталығында бір үйім болса деген тілегім орындалды дейді.

РОЗА ТӨЛЕГЕНОВА, ЖАҢА ПӘТЕР ИЕСІ

- Өте қуаныштымын. 3-4 жылдан бері ақшамды жинап, банк арқылы үй алып жатырмын. Өзім мемлекеттік қызметкермін. Ақша жинау деген мүмкін емес. Байғанин ауданының тұрғынымын. Балам екі жылдан кейін оқуын тәмамдап, облыс орталығына келеді. Бір үй болсын дедім.

Аумағы 3771 шаршы метрді құрайтын көпқабатты үйдің құрылысына экологиялық материал - қызыл кірпіш қолданылды. Бұл баспаналар жылы болады деген сөз. Ақтөбе облысы бірнеше жылдан бері Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен тығыз қарым-қатынаста. Банк арқылы соңғы екі жылда 5 мыңнан аса ақтөбелік пәтер кілтіне ие болған. Ал "Даму" қорының өкілдері "Нұрлы жер" бағдарламасына Ақтөбе өңірінен қатысып жатқан жобалар көп дейді.

АБАЙ САРКҰЛОВ, "ДАМУ" ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

- Қазір Ақтөбе облысынан "Стройдеталь" серіктестігінің бір жобасы - "Даму" қорының қарауында.  Жан-жақты зерттелгеннен кейін, оң шешімін табады деген ойдамыз. Ал Ақтөбе "Нұрлы жер" бағдарламасын алғаш жүзеге асырған өңір

Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Былтыр 580 мың шаршы метр көпқабатты үй пайдалануға берілсе, биылғы жылдың 7 айында 330 мың шаршы метрлі баспана халық игіліне жарады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 630 мың шаршым метрге жеткізу жоспарланып отыр.

Гүлбағда Қайратқызы, Самат Қалекенов

Тақырып бойынша материалдар

ҚР және РФ үкіметаралық комиссиясының отырысы
18:31, 17 қараша 2017
ҚР және РФ үкіметаралық комиссиясының отырысы
Толығырақ...
Қазанғап күйлерінің байқауы өтіп жатыр
18:29, 17 қараша 2017
Қазанғап күйлерінің байқауы өтіп жатыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...