ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

6 АЙДА 11 АДАМ ЖОЛ АПАТЫНАН МЕРТ БОЛДЫ

18:37, 3 шілде 2019

"Самара-Шымкент" тас жолында 6 айда 36 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 11 адам мерт болды. Осы жағдайды ескерген тәртіп сақшылары "Жолда қабылдау" акциясын өткізіп жатыр. Алыс сапарға шыққан шетел азаматтарын тоқтатып, қай бағытта қандай қауіпті жерлер бар екенін түсіндірді. Ал дәрігерлер қан қысымын өлшеп, денсаулықтарын тексерді.

Полиция қызметкерлері көбіне алыс сапарға шыққан жүк көліктерін тоқтатты. Жүргізушілердің басым бөлігі шетел азаматтары. Олардың көпшілігі көршілес жатқан елге түрлі тауар тасымалдап, бала-шағасын асырап отырғандар. Тәртіп сақшылары оларға жолдың қауіпті тұстары көрсетілген ақпараттық парақшалар таратып, сақ болуға шақырды.

Жол апаты жиі орын алатын жерлерді сызбадан көрсеткен тәртіп сақшылары ауқаттанып, дамылдап алатын нүтелерге де тоқталды. Өз ескертулерін жасап, жолаушылардың да талап-тілектерін тыңдады. Себебі, жолдың қадірі мен қажетін алыс сапар шеккен жүргізушілер бес саусағындай біледі.

МИХАИЛ УДАЛЬКОВ

ЖҮРГІЗУШІ

- Мен бұл тас жолмен жиі қатынаймын. Бірқатар кемшіліктер бар. Жолда ойық жерлер аз емес, және де жол тар. Қарсы бағытқа шығушылар қауіп төндіреді. Бұл шараның маңызы өте зор. Жиі өткізіліп тұрса біз қуана қабылдаймыз.

Сағат сайын ондаған жүк көліктері Ресейге бағыт алады. Алыс сапарға шыққан жүргізушілер уақыттарын үнемдеуге тырысып демалмайды. Ал, оның нәтижесі қайғылы оқиғаға ұласып жатыр. 

"Самара-Шымкент" халықаралық маңызы бар тас жолының бойында онға жуық апатты жол бөліктері бар. Сол жерлерде жүргізушілер жылдамдықты азайтып, қарсы бағыттағы көліктерге жол беріп өз өмірлерін сақтандырулары қажет. Мұны тәртіп сақшылары қатаң ескертеді. Қауіпсіздік акциясы Хромтау бағытына қарай "Самара-Шымкент" тас жолының 766-шы шақырымында 3 күн бойы өткізіледі. Жолаушыларға  тағамдар мен сусындар таратылады.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...