ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

"7-20-25" БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 24 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ПӘТЕР АЛАДЫ

19:47, 13 маусым 2018

"7-20-25" бағдарламасы бойынша 24 мың ақтөбелік пәтер алады. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өткен актив отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Басқосуда Президент тапсырған 5 әлеуметтік бастаманың орындалуы мен жаңа партиялық жобалар жөнінде айтылды.

Партия төрағасының бірінші орынбасарымен жүздесуге Ақтөбедегі нұротандықтар түгел жиналды. Облыс басшысы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған 5 бастаманың орындалуын айтып берді.

Студенттер мен колледж оқушыларының 40 пайызы жатақханамен қамтылмай отыр. Бұл үшін жергілікті билік 8 студенттер үйінің құрылысын бастамақ. Жер бөлінді, инфрақұрылым жүргізілді. Тек Минситрліктен жауап күтіп отырмыз деді - облыс әкімі. Ал, тұрғындардың газбен қамтылуын 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Қысқасы, партия жүктеген тапсырмалар облыста оңтайлы жүзеге асып келеді. Мұны өз көзімен көріп, жіті танысқан партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жоғары бағасын берді.

Ақтөбеде шағын жинақты мектептер мәселесін шешу үшін қосарланған мамандықтар ашылды. Үш тілділікті ілгерілетуде өзіндік үлес қосты. Кітапхана жүйесі жаңғыртылып, студенттер 100 пайыз жатын орынмен қамтылды. Кездесуде Батыс өңіріндегі маңдайалды оқу орындарының бірі Жұбанов университетінің ректорына сөз берілді.

Жиын соңында облыс әкімі "Нұр Отанның" жұмысын жаңғыртып, өңірдің өрлеуі үшін бірігіп қызмет ету қажет деді. 

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
18:54, 22 маусым 2018
"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕ...
Толығырақ...
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
18:19, 22 маусым 2018
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
19:25, 20 маусым 2018
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...