ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

"7-20-25" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ АҚТӨБЕДЕН БАСТАЛАДЫ

20:45, 14 қыркүйек 2018

Облыс әкімдігінде "Баспана" Ипотекалық ұйымы мен тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыратын жергілікті ұйымдар арасында диалог алаңы орнады. Екінші деңгейлі банктер мен құрылыс компанияларының өкілдері өздері үшін өзекті мәселелерді көтерді. Дәлірек айтқанда, азаматтардың кейбір санаттары үшін бастапқы төлемді төмендету бойынша жаңа ережелер және ескі үйлерді сату мүмкіндігі талқыланды. 

"07-20-25" бағдарламасы іске асырылғаннан бастап Ақтөбе облысында арнайы жұмыс тобы құрылды. Баспанаға сұранысы бар жандардың өтініштері қаралып, бағдарламаны қарқынды етуге күш салынып жатыр деді өңір басшысы.

7-20-25 бағдарламасы қазірдің өзінде 40-тан астам ақтөбелікке пәтер берілді. Жыл соңына дейінгі жоспар да ауқымды.

Ақтөбе облысында бағдарлама аясында ипотекалық несиені 25 миллион теңгеге дейін беру туралы өңір басшысы  Бердібек Сапарбаев Баспана ұйымының төрағасына ұсынысын жеткізді. Бұл назардан тыс қалмайды деп уәде берді төраға.

"Баспана" ипотекалық ұйымының басшысы жас отбасылар және бюджеттік мекемелердің, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтардың өкілдері үшін иотека арқылы жеңілдік жолмен пәтер алуға арналған екі пилоттық жобаның Ақтөбеде жүзеге асырылатынын жеткізді.

Айта кету керек, біздің өңірде "7-20-25" бағдарламасы бойынша 7 банк несие береді. Болашақта тағы екі банк қосылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...