ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

7 % ипотека кімге беріледі?

15:25, 13 наурыз 2018

Шілдеде ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Еске салсақ, өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша Жол картасын дайындауды тапсырған болатын. Бүгін Жол картасының жобасын Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. Министрдің айтуынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін шілде айына дейін ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылатын болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша инфрақұрылым жылына 20 млрд теңгеге дейін қаржыландырылады", - деді Тимур Сүлейменов. Ал Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 7 проценттік ипотекамен арнайы компания айналысатынын айтты. "Қазір банктермен жаңа бағдарламаның шарттары пысықталуда. Мысалы, үйдің бағасы 7 миллион теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жалпы алғанда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының көпшілігі үшін қолайлы", - деді бас банкир.

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ  ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
20:05, 15 маусым 2018
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
19:42, 12 маусым 2018
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...