ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

70 МЫҢ СӘБИ ПРОАКТИВ ӘДІСІМЕН ТІРКЕЛДІ

20:16, 6 маусым 2019

Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов Facebook парақшасында мәлім етті. Оның айтуынша, елімізде проактив қызметі арқылы 70 мың баланың туу туралы құжаты рәсімделіп, бала тууға байланысты берілетін жәрдемақылардың 13 мыңы смс арқылы тағайындалды. Бала тууына байланысты үш мемлекеттік қызметті бірден алуға мүмкіндік беретін проактив қызметі елімізде 1,5 жылдан бері қолданылып келеді. Проактив қызметі аясында жаңа босанған аналарға құттықтау хабарламасы жолданып, перзентханадан шықпай-ақ, баланың туу туралы куәлігіне тапсырыс, әлеуметтік жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріліп, балабақша кезегіне тұру ұсынылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕДЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
19:27, 25 маусым 2019
АҚТӨБЕДЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АКТЁР АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ
20:50, 20 маусым 2019
АКТЁР АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ
Толығырақ...