ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

700-ДЕН АСТАМ ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ АНЫҚТАЛДЫ

11:06, 12 қазан 2020

Ақтөбеліктер күл-қоқыстың ортасында отыр. Ғарыштық  бақылау геопарталы облыс аумағында орналасқан  700-ден астам заңсыз қоқыс полигонын анықтады. Қазіргі таңда қаладағы коммуналдық мекемелер  тұрмыстық қатты қалдықтарды  тазартумен айналысуда. Шаруа қалай жүріп жатыр?
ГҮЛДАНА АБАЙҚЫЗЫ
Біз қазір қаланың оңтүстік-батыс мөлтек ауданында тұрмыз. Бұл жерде, кезінде, нақтырақ айтқанда 1987 жылы қалалық қоқыс полигоны орналасқан болатын. Кейін шаһардың аумағы ұлғайып, тұрғындар қоныстана бастаған тұста,2007 жылы бұл полигон толығымен жойылып, қоқыстар тазартылып, беті топырақпен тегістелген еді. Бірақ, қазір өздеріңіз көріп отырғандар, бірнеше гектарға созылған аумақ қайтадан қоқысқа лық толы
Құрылыс материалдары, тұрмыстық қатты қалдықтар, жан-жануарлардың өлексесі. Ескі полигонды өз қолымызбен қайта қалпына келтіргендейміз.  Зардабын, жақын маңдағы елдімекен халқы тартып отыр.  Жел тұрса күл-қоқыс аулаға ұшады, ал оның күлімсі иісі қолқаны қабады,- дейді тұрғындар. 
Бұл тек Оңтүстік-Батыс мөлтек ауданы тұрғындарының басындағы мәселе емес.  Облыста осындай  700-ден астам заңсыз қоқыс алаңы табылған. "Қазақстан Ғарыш Сапары" геопорталы  2 жылдан бері Ақтөбе қаласы, Алға , Мәртөк, Хромтау, Қарғалы аудандарының кейбір аумақтарына ғарыштық мониторинг  жүргізіп келеді. 
Қазіргі таңда коммуналдық мекемелер тұрмыстық қалдықты қала сыртындағы полигонға тасып жатыр.  Бей-берекет қоқыс төгілген 650-ге тарта жер учаскесі жойылды. 14 аумақ заңдастырылған. Осындай фактілердің куәгері болсаңыз, құзырлы органдарға хабарлаңыз. Заңсыз қоқыс төккендерге әкімшілік айыппұл салынады. Экология департаменті мұндай аумақтарға бейнекамералар орнатып, рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
21:48, 23 қазан 2020
ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
Толығырақ...