ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

700 ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ

18:27, 24 қаңтар 2020

 

 

 Атаулы әлеуметтік көмекке қажетті құжаттарды қабылдау жұмысы жалғасып жатыр. Жұмыспен қамту орталықтарында адам көп, кеңес алушылар да жеткілікті. Жауапты мамандар жаңа талапты түсіндіру үшін базар аралап жүр. Ал бүгін олар қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге көпбалалы аналармен кездесті. Атаулы әлеуметтік көмек алуға 3 мыңнан астам өтініш түскен. 700 отбасының өтініші мақұлданды. Олар 15-ші ақпанға дейін тиісті жәрдемақыны алады. Тағы бір  жайтты айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасыларға  қосымша  әлеуметтік пакет қарастырылған.  Атаулы әлеуметтік көмектің ережесі өзгерді. Басты талаптың бірі - отбасының кенжесі 3 жасқа толғанда еңбекке жарамды  адам жұмыс істеуі тиіс. Қалалық жұмыспен қамту орталығы берген дерекке сүйенсек,  2 мыңға жуық бос жұмыс орны дайын тұр. Балкенже Қошпаева 4 баласын өзі асырап отыр.  Мемлекеттен жәрдемақы алады. Жалғызбасты ана атаулы әлеуметтік көмектен де үмітті. Бірақ құжаттарынан қателік табылды. Облыс бойынша 4 және одан көп баласы бар 14 мың отбасы мемлекеттен тиісті жәрдемақы алады. Бұл ретте, отбасы кірісі есептелмейді.  Бала санына қарай 42 мың 500 теңгеден 74 400 теңгеге дейін жәрдемақы төленеді. Атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстарын жеделдету мақсатында  Табыс, Алтай, Шығыс базараларында  қосымша орындар белгіленді. 

Венера Серғазы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮГЕДЕК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:28, 24 ақпан 2020
МҮГЕДЕК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...