ШҰҒЫЛ! КӨШЕ САУДАСЫН ДАМЫТУҒА 250 ЖЕР ТЕЛІМІ БӨЛІНЕДІ Толығырақ

705,5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

19:23, 11 маусым 2018

Ақтөбе облысының 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында тыңдалды. Жайылым мен шабындық үшін жер беру, тұрғындар денсаулығын сақтау сияқты өзекті мәселелер де осы жиында қаралды.

Жыл басынан бері өңірде өнеркәсіптік кәсіпорындар 705,5 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Негізгі көрсеткішті мұнай өндірісі құрап отыр. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 121,2 млрд теңгеге жеткен. Ет пен сүттің өндірісі ұлғайған. Облыс әкімінің орынбасары А.Биыахметовтің айтуныша, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда артық. Дегенмен, өңір басшысы экономиканың өсімін 5 пайыздан құлдыратпауымыз керектігін ескертті. 

Өңірде мақсатына лайық пайдаланылмаған жерлер мемлекет қорына қайтарылып жатыр. Жауапты басқарма басшысының айтуынша, бес айда 155 гектар жерге қатысты 170 тексеріс жасалған. Жер заңнамасы бұзылған 73 жағдай тіркелген.  Алтауына қатысты 746 мың теңге айыппұл салынды.  

Сондай-ақ жиын барысында қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің есебі де тыңдалды.

Менингитке қатысты жағдай тұрақты. Дегенмен, А гепатитіне қарсы екі жасқа дейінгі балаларға берілетін вакцинаны сатып алуға қаржының жеткіліксіз бөлінгені, тұрғындар арасында екпеден бас тартқандарға байланысты мәселелер әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Қала базарында антисанитарлық жағдайдан көз сүрінеді. Облыс әкімі бақылау жоқ деп сынады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР
20:26, 10 тамыз 2018
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ...
Толығырақ...