ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР

20:26, 10 тамыз 2018

Облыс бойынша 730 мыңнан аса адамның электронды денсаулық паспорты бар. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өткен жиында  денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу, интернет желісімен қамту мәселесі талқыланды.

Өңірде  цифрлы технологиялар арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, әсіресе ауыл-аймақтарда бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту керек деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов. 

ҚАЙРАТ БЕКЕНОВ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Облыс әкімі денсаулық сақтау саласына цифрландыруды сапалы әрі аз уақыттың ішінде енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі күні бұл бағытта облыста қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, басқармаларға цифрландырумен айналысатын ІТ мамандар жұмысқа тартылып, жаңа қызметкерлер тағайындалуда. Олар сіздермен тығыз жұмыс жасай отырып, әр саладағы цифрландырудың форматы, жасалған жұмыстар туралы баяндап отырады. Бұл бағытта биыл бірінші жартыжылдық бойынша облыста оң өзгерістер бар, нәтиже жаман емес, бірақ уақыт бір орнында тұрмайды. Сондықтан цифрландыру облыстың әр тұрғыны үшін пайдалы, әрі қолжетімді болуы керек.

Биылдан бастап денсаулық сақтау саласында цифрландыру мәселесі басты назарға алынып, жаңа технологиялар енгізіле бастады.  Жыл басынан бері бұл мақсатта біраз жұмыс атқарылды. Атап айтсақ, бірінші кезеңде үш мәселе назарға алынды: олар: барлық емдеу мекемелерінде медициналық ақпараттық жүйені енгізу, компьютерлік техникалармен жабдықтау және интернетті қолжетімді ету. 

Облыс бойынша 46 емдеу мекемесі  болса, оның  37-сі мемлекеттік, 9-ы  - жекеменшік. Қазіргі таңда оның 100  пайызы ақпараттық жүйемен қамтылған.  Емдеу мекемелерінің біразы  «ДамуМед», «Қамқор», және өзге де медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Сондай-ақ әрбір медициналық мекемеде порталдық жүйелер жұмыс жасайды. Мобильдік қосымшалардың тиімділігі жөнінде емделушілер айтып берді. 

Қазір  әрбір науқастың паспортын жасап, құжаттарды электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Пилоттық жоба бойынша бүгінде 98 құжаттаманың 38-і электрондық форматта. Ал жыл басынан бері облыста 730 мың 54 адамның электронды денсаулық паспорты жасалды. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары басқарма басшысы мен ІТ мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктеп, нақты міндеттер қойды.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...