ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

76 адам екпеден бас тартты

18:26, 13 наурыз 2018

Ақтөбеде 70-тен астам ата-ана екпеден бас тартып отыр.  Кеңес беру-диагностикалық орталығында екпеден бас тартқан ата-аналармен кездесу өтті. Дәрігерлер әдеттегідей вакцинаның пайдасын айтып түсіндіруге тырысты. Деседе, әртүрлі ақпарат көздеріне сенгеніп немесе діни көзқарастарына байланысты екпе алмай жүргендер азаймай отыр. 

Шолпан Ғабдуллинаны дәрігерлер бүгінгі семинарға арнайы шақырыпты. Екі баланың анасы бір жылдан бері вакцина алуға қарсы екенін білдіріп, қолхат жазып жүр. Сөзінше, тұңғыш баласы екпе алған соң аурушаң болыпты. Сондықтан екінші сәбиі туылған кезде бірден вакцина алмаймын деп шештім- дейді ол.

Вакцинадан бас тартқандардың өзге де себептері жетерлік. Дәрігерлер екпенің пайдасын қанша түсіндіргенімен, айтқанынан қайтпай, үзілді-кесілді бас тартып отырғандар да бар. 

Биыл екпеден бас тартқандар саны - 76. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі адамға аз. Өйткені дәргерлер, былтыр үйлерді аралап, вакцина алуға қарсы болған отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізді. Нәтижесінде  екі ата-ананы райынан қайтарыпты. Әрі бұл жұмыс тоқтап қалмақ емес. Бүгін "Вакцинаны қолдаңыз" тақырыбында өткен семинар да осыны мақсат етті.

Әлгі екпеден бас тартып жүрген ата-аналардың балаларының басым бөлігі мектепке немесе балақбақшаға барады. Бұл өзге жеткіншектер үшін қауіпті -дейді дәрігерлер. Сондықтан, 20-дан астам аурудың бетін қайтаратын алдын алу шарасына қатысу - өте маңызы.

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
18:54, 22 маусым 2018
"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕ...
Толығырақ...
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
18:19, 22 маусым 2018
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
19:25, 20 маусым 2018
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...