ШҰҒЫЛ! "ПАРА БЕРМЕ" НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

21:24, 14 тамыз 2019

Жұбанов университетінің магистратура бөліміне емтихан тапсырған 801 адамнан 847 гаджет пен шпаргалкалар тәркіленді.  Бұл деректі білім және ғылым министрлігінің өкілдері анықтаған. Аудиториядан қуылған талапкерлердің комиссия мүшелеріне дөрекі сөздер айтқан жайттар да кездесіпті. Аудиторияда алаңсыз ұялы телефон ұстаған мына талапкердің әрекетін бірден тәуелсіз бақылаушылар назарға алды. Бейнекамерадан емтихан тапсырушының комиссия мүшесіне көрсетпей смартфонды емін-еркін пайдаланып отырғанын анық байқауға болады. Бақылау құрылғылары орнатылғанын тіптен ұмытқан қатысушының тест парақтарын, комиссия жинап алды. Талапкер аудиториядан шығарылды. Сарапшылар айыбын білмеген тест тапсырушылар аудиториядан шыққан кезде тәуелсіз бақылаушыларға қоқан-лоқы жасалған жайттар болғанын жасырмады. Арасында аға, көкесін айтып, сес көрсететіндер де бар екен. Жұбанов университеті қабырғасында өткен бүгінгі емтиханның соңғы бесінші легіне 121 талапкер тест тапсырды. Олардан 131 телефон табылды, 7-еуі аудиториядан шығарылды. Комиссия мүшелерінің мәліметінше, республика бойынша 30 мың адам кешенді тест тапсыруға өтініш білдірген. Министрлік өкілінің сөзінше, биыл техникалық, педогикалық бағыттағы мамандықтар бойынша білім сынағын тапсырып жатқандар басымырақ.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12:35, 10 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЖАҢАША ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
20:45, 14 қазан 2019
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
Толығырақ...