ШҰҒЫЛ! Шалқар ауданы 8 айды қорытындылады Толығырақ

90 жылдық тарихы бар музейдің ғимараты салынуда

13:15, 14 қыркүйек 2017

Ақтөбеде 90 жылдық тарихы бар музей үшін енді ғана жаңа ғимарат салынып жатыр. Құрылыс мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жүруде. Қажетті қаржының тең жартысын "Алтын қыран" компаниясы бөлді. Мұражайдың ескі ғимараты болса,  өткен жылы өртеніп, апаттық жағдайда деп танылды. Қазір ол музей құлыптаулы. Ал,жүз он мың экспонатты шаң басып тұр

РАЙГҮЛ ЕНШІБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ

- Тарихи-өлкетану музейінің жан ауыртар халі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жылдар бойы жарияланып келді. Аз айтылған жоқ. Ақыры бір нәтиже шықты. 90 жылға таяу тарихы бар музейдің енді жаңа ғимараты болашақта миллион тұрғыны бар мегаполиске айналатын Ақтөбеде әлемдік деңгейге сәйкес бой көтеруде 

Музейдің құрылысы былтыр басталды. Үш қабатты нысан «Батыс-2» шағын ауданындағы 4 жарым мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бірнеше зал мен мәжіліс бөлмелері қарастырылған. Төменгі қабатқа жергілікті шеберлер қолынан шықан кәдесыйлар қойылмақ. Бүгінде жұмыстың 85 пайызы біткен.

НҰРЛАН ИМАНАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Ғимараттың қабырғасы көтерілді. Мұнда қолданылып жатқан материалдық өнімнің барлығы Ақтөбеде, Қазақстанда өндірілетін материалдар. Негізігі қабырғасы кірпіштен. Ақтөбе қаласындағы кірпіш зауытының бұйымы. Қазір енді соңғы сылау, әшекейлеу, бояу жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі жоспар бойынша биыл жылдың аяғына дейін жұмысты аяқтап, тапсырамыз

Жүз мыңнан астам жәдігері бар облыстық өлкетану мұражайының жеке ғимараты болмаған. Ал, осыған дейінгі ескі нысан былтыр өртке оранды. Апаттық жағдайда деп танылып, жауып тасталды. Экспонаттар әзірге ескі қоймада сақтаулы. Қызметкерлері уақытша облыстық кітапхана ғимаратына көшірілді. 

АЛМАГҮЛ САРЫБАЙ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ - ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

- Жаңа ғимарат салынып жатқанына біз өте қатты қуанып отырмыз. Өйткені ғимарат салу мәселесінің көтерілгеніне көп жыл болды. музейдің қорында жалпы 110 мыңнана аса экспонат бар. Әрине музей тар болған соң біз оның барлығын халыққа көрсетіп, насихаттай алмайтын едік. жаңа ғимаратқа көшетін болған соң, экспозицияны қалай жасақтайтынымыз жөнінде дайындалып жатырмыз

Музейдің жаңа ғимараты биыл жыл соңына таман жұмыс істей бастайды.  Мамандар жаңаша жасақталатын мұражай енді өлке тарихын кеңінен насихаттауға мол мүмкіндік береді деген сенімде

Райгүл Еншібайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Жәрмеңкеде 358 бос жұмыс орны ұсынылды
18:20, 22 қыркүйек 2017
Жәрмеңкеде 358 бос жұмыс орны ұсынылды
Толығырақ...
Көпқабатты үйлерге бейнебақылау камералары орнатылып жатыр
18:11, 22 қыркүйек 2017
Көпқабатты үйлерге бейнебақылау камералары орнатылып жатыр
Толығырақ...
Зиратты сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынды
13:00, 22 қыркүйек 2017
Зиратты сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Ақтөбе  -  құтты  мекен" форумына  әлемге танымал жерлестеріміз келеді
14:58, 19 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестер...
Толығырақ...
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
17:45, 18 қыркүйек 2017
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
Толығырақ...
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
14:05, 18 қыркүйек 2017
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
Толығырақ...