ШҰҒЫЛ! Оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады Толығырақ

969 адам жұмыспен қамтылды

16:53, 23 қараша 2017

Жұмыс іздеп сабылғандар бүгін халықтық кеңсе ғимаратына қарай ағылды. 50 мекемеден ұсынылған бос жұмыс орындар саны 400-ден асып жығылды. Бұрын сотталғандарды, мүгедек жандарды еңбекпен қамтудың оңтайлы жолдары да қарастырылған. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы  Райгүл Еншібай біліп қайтты.

Ақтөбеліктерге білім, денсаулық, құрылыс, сауда және қызмет көрсету салалары бойынша бос орындар ұсынылды. Әлбетте, жұмыс берушінің өз талабы да бар. Әсіресе, мұнай - газ саласындағы ірі кәсіпорындардан жұмыс табу қиынның қиыны. Мамандығы сәйкес келіп, еңбек өтілінің болуын міндеттейді. 

БАҒДАГҮЛ ЖАНСЫМҰРАТ, "АҚТӨБЕ МҰНАЙ ӨҢДЕУ" ЖШС ӨКІЛІ

 - Жұмыс сұрап келген адамның алдымен тәжірибесінің бар-жоғын анықтаймыз. Дәл осы саладағы еңбек өтілі біз үшін маңызды. Бір сағаттың ішінде 15 адам түйіндемесін қалдырды. Барлығы 40-қа жуық азамат қызығушылық білдірді

Он екі мүшесі түгел, тепсе темір үзетін азаматтардың жұмыс табуы оңайға соқпай отырғанда, мүгедек жандар үшін тіпті бас қатырар мәселе болды. Саңыраулар қоғамынан келген бір топ азамат өздеріне лайықты жұмыс таба алмай отырғандарын айтты.

ЖАНАТ НҰРЖАНОВА

 - Әр түрлі мекемелер арқылы бағытталған мүгедек жандарды жәрмеңкеге ертіп келдім. Оларды жұмысқа алу өте қиын. Жұмыс тапқанның өзінде ең төменгі жалақы ұсынылады. Денсаулықтарына қауіп келеді деген оймен, құрылыс саласына, өндіріске алмайды. 

Бұрын сотталып, қазір пробация үйінің тізімінде тұрған 112 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Түрлі себептерге байланысты жұмыстан бас тартатын жағдайлар да жиі кездеседі. Биыл осындай жәрмеңке 10 мәрте ұйымдастырылып, 969 адам еңбекпен қамтылды.

Жәрмеңкеге келушілер үшін заңгер кеңесі ұсынылды.  2018 жылдан бастап енгізілетін жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Райгүл Еншібайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
20:12, 13 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
15:14, 11 желтоқсан 2017
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
Толығырақ...