
Өңірде Абайдың 175 жылдығына арналған шара әлі де жалғастып жатыр. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Абай мұрасы - аманат" атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараның басты мақсаты - ұлы ақынның шығармашылығын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.
Абай шығармашылығы келешек ұрпақ үшін өшпес мұра. Тағылымы мен берер тәрбиелік мәні мол туындыларынан сусындап, үлгі алу - жастар үшін парыз. Осы мақсатта қоғам қайраткерлері Абай мұрасына қатысты өнегелі ойын ортаға салды.
Ия, Абай шығармасын дәл осылай талдап, таразыға салған жөн. Кездесудегі тағылымды әңгімеден соң өнерпаздар Абай туындыларынан үзінді оқып, қара сөздерін жатқа айтты. Мәдениет саласының майталмандары ұлы ақынның әндерін орындады.
Сонымен бірге хакім мұрасын дәріптеу мақсатында өткізілген онлайн байқаудың жеңімпаздары анықталды.
Кеш соңында байқаудың жеңімпаздары марапатталып, арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Жансая Әбдікәрімова