ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

11:05, 14 қыркүйек 2020

Мәртөктіктер болса қазақ классигінің құрметіне арнап "Абай орталығын" ашты. Танымал тіл жанашырлары мен ардагер ұстаздар игі істің куәгері болды. Қатысушыларға ұлы ақынның шығармаларын насихаттап, мән-мағынасына тоқталды. 
Мәртөктегі №2 орта мектептің 85 жылдығы биыл Ұлы ақынның мерейтойымен тұспа тұс келді. Осыған сәйкес білім ордасында ойшылдың құрметіне арнап орталық ашты. Ардагер ұстаздар Абай хакімнің мұрасы рухани жаңғырудың маңызды бағдарына айналуы тиіс деген пікірде.  
Бүгінгі шараға ағартушының шығармасын, өмірін зерттеп жүрген Абайтанушылар келді. Қазақтың біртуар перзентіне деген құрмет ерекше. Ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттап, оны жас ұрпақ тәрбиесіне жүйелі енгізу қажет дейді жиналғандар. 
Қонақтар дөңгелек үстелде бас қосты. Ақынның бай мұрасы насихатталды.  Мектеп басшысына "Қазақ тілі" қоғамы атынан алғыс хат табысталды. Қатысушылар дәстүрлі ән-жыр орындады. 
Шара соңында қонақтар мектеп музейін көріп, 85 жылдық тарихы бар білім ордасының жай-күйімен танысты. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЕНҒАЛИ ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛДЫ
21:00, 2 желтоқсан 2020
ЖИЕНҒАЛИ ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ
21:00, 2 желтоқсан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...