ШҰҒЫЛ! ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ Толығырақ

АБАЙ ТОЙЫ - ХАЛЫҚ ТОЙЫ

19:09, 20 ақпан 2020

Хромтау ауданында, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» атты байқау өтті. Бұл жиында Абай шығармалары мен әндері ғана емес, сайысқа қатысушылардың ақынға арнап, өздері шығарған өлеңдері де оқылды. Байқауды тамашалауға келген қауым, мағыналы, мазмұнды кештің куәсі болды. Хромтау ауданында, Абай деп аталатын елді мекен бар. Құрылған уақытынан бері Абайдың атын иеленген аядай ғана ауылдың әр тұрғыны, ақынның өлеңдерін жатқа айтады деп естігенде таң қалдық. Сол сөз рас екен.   
 -Қалайсыңдар, балалар? Биыл Абай атамыздың неше жылдығы екенін білесіңдер ма? -Иә, 175 жылдығы. -Абай атамыздың өлеңдерін білесіңдер ма? - Әрине..... Үш бала қысқаша өлең оқиды.
«Адамның бір қызығы - бала деген,баланы оқытуды жек көрмедім»,  демеуші ме еді Абай. Осы ауылдың тұрғындары да оқушыларын оқытуға көп көңіл бөлгенін аңғару қиын емес. Екі кезеңнен тұратын байқауға қатысқан ұстаздар бен шәкірттердің өнері, дайындығы жоғары деңгейде екен.
Абай ауылында ақын шығармаларын жаттауды, қара сөздерін бойларына сіңіруді оқушылардан ғана талап етпейді. Мұғалімдерінен бастап, мектеп директорларына дейін, ойшылдың өлеңдерін жатқа айтады. Бұл да ерекше педагогикалық әдіс сияқты. Жиынға арнайы қатысқан аудан басшысы да, сөзін ресми баяндамамен емес, Абай өлеңімен өрнектеді.        
Абай ауылында атқарылатын шаралар бойынша облыс әкімінің негізгі тапсырмалары бар. Осы Абай атымен аталатын ауылдар, мекемелердің бәрі қараусыз қалмауы керек деген. Биыл Абай ауылында жол салынайын деп жатыр. Орталық көшеге жол саламыз. Облыс әкімінің мостыға қаржы бөлу туралы тапсырмасы бар. Үйлерді жөндейміз, футбол алаңын саламыз деген жоспарларымыз бар. Баласынан басшысына дейін Абайдың шығармаларын жатқа білетін ауылдың өзге де жоспарлары жеткілікті. Ол жоспар орындалатыны сөзсіз. Өйткені руханияты мықты мекеннің, өркениеті де осал болмауы тиіс.     

Мирас Мұқаш

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
22:18, 3 сәуір 2020
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар