ШҰҒЫЛ! БАЗАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА Толығырақ

АБАЙ ЖӘНЕ XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

12:01, 16 қаңтар 2020

"Абай және 21-ғасырдағы Қазақстан". Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласына орай дөңгелек үстел өтті. Президент Абайдың шығармаларын 10 тілге аударып, басып шығару керек екенін айтты. Атап айтқанда, Абай еңбектері ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне тәржімаланбақ. Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және "Абай" телесериалы түсірілуі тиіс. Шараға абайтанушы, ғалымдар шақырылды. 40 жылдан астам ғұмырын Абайды зерттеуге арнаған ардагер ұстаз Қуанышбай Қонтай ақынның зерттелмеген еңбектері көп екендігін тілге тиек етті. Мектептерде Абайға арналған сабақтың сағатын көбейтуді ұсынды. 

Тақырып бойынша материалдар

ТАҒЫ БІР АҚТӨБЕЛІКТЕН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
18:11, 31 наурыз 2020
ТАҒЫ БІР АҚТӨБЕЛІКТЕН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар