ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

"АДАЛ ЖОЛ" ЗАҢСЫЗ БИЛЕТ САТУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАДЫ

11:09, 10 шілде 2019

«Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері «Адал жол» жобасы аясында Ақтөбе вокзалында мониторинг жүргізді. Олар кассада жоқ билетті делдалдар арқылы қымбатына сатып алуға болатынына көз жеткізді. Бұл ретте делдал өз қызметі үшін 8000 теңге алды, ал билет құны кассада 4000 теңге болды. Сондай-ақ, қоғам өкілдері пойыз жолсеріктерімен келісіп, билет сатып алмай «Алматы-Орал» бағыты бойынша Алға станциясынан Ақтөбеге дейін және «Ақтөбе-Атырау» бағыты бойынша Алға станциясынан Ақкемер станциясына дейін бір адам үшін 500 теңге көлемінде сыйақы төлеп, билетсіз жүрді. Анықталған барлық заңсыздықтар тиісті органдарға хабарланды. Сондай-ақ, автокөлік тұрағына кірер кезде автомобильдің кіру уақыты көрсетілген талон берілмейтіні белгілі болды. Жалпы, автотұрақ 15 минут аялдаған көлік жүргізушісі үшін тегін болуы керек. Ал вокзал маңында бұл ереже бұзылған. Негізсіз ақша талап еткен автотұрақ иесіне көпшілік наразы.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар