
Mercedes жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. 10 қаңтарда полицияға «Самара-Шымкент» тас жолының 773 шақырымында жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері белгісіз жүргізуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған адамды қағып кеткенін анықтады. Нәтижесінде, ол ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жаяу жүргіншіні қағып кеткен күдіктіні ұстады. Тергеу барысында 47 жүк көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласына қарай бет алып, Мұғалжар ауданының тұрғынын қағып кеткенін, кейін жауапкершіліктен қорқып, қашып кеткенін айтқан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.