ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Ағайынның айтары...

20:52, 22 қаңтар 2020

Арма, ағайын! Сіз өз көзіңізбен көрген, көңіліңізге түйген мәселені, жағымды жаңалықты видеоға түсіріп, экрандағы электронды мекенжай мен whatsapp нөміріне жібере аласыз. Ал біз оны көпшілікпен бөлісеміз. Айдардың бүгінгі шығарылымында: Амагелді ауылында білім ошағы жабылуы мүмкін. Ал қала маңындағы Қарғалы ауданында тұрғындар жолдың қардан тазартылмайтынын айтып, арызданды. Назар аударыңыз!
Алға ауданындағы Аманкелді ауылында білім ошағы жабылуы мүмкін. Ширек ғасырлық тарихы бар мектепте қазір тек 32 бала білім алып жүр. Негізгі мектепті биыл 6 оқушы тәмәмдайды. Кәсіпкер мен дәрігерді, білікті ұстазды түлеткен ауыл мектебінің жабылмағанынын тілейміз. Алғалық ағайынның айтары осы. 
Ал №60 орта мектеп ауласында ата-аналар балаларымен бірге мүсін жасап, өзара сайысты. Мақсат : салауатты өмір салтын сақтап, ұстаз бен ата-ана, бала арасындағы байланысты нығайту. 
Қыс келді, жол азабы еселенді. Алматы ауданының Қарғалы ауылында тұратын Абылай есімді азамат жолдың қардан дұрыс тазартылмайтынын айтып, видео жолдапты.  
 "Ағайынның айтарына" Павлодар облысы, Баянауыл өлкесінен де хабарлама түсті. Ауыл маңында бір айдан бері оннан астам түйе иесіз жүр. Тұрғындары Ойсылқара төлін аш қалтырмау үшін алдына шөп салып, бағып отыр. 
Құрметті көрермен кез келген мәселеге қатысты айтарыңызды видеоға түсіріп,  +7 708 471 72 68 Ватсап нөміріне жолдаңыз немесе "Ағайынның айтары" хештегімен инстаграмға жүктеңіз. Сізден хабар күтеміз!

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

21:27, 19 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...