ШҰҒЫЛ! ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ Толығырақ

АҒАЙЫННЫҢ АЙТАРЫ...

14:49, 26 ақпан 2020

Арма, ағайын! Сіз өз көзіңізбен көрген, көңіліңізге түйген мәселені, жағымды жаңалықты видеоға түсіріп, экрандағы электронды мекенжай мен whatsapp нөміріне жібере аласыз. Ал біз оны көпшілікпен бөлісеміз. Айдардың бүгінгі шығарылымына назар аударыңыз!  Қазір қоқыс шығару мәселесі қалада ғана емес, ауылда да өзекті. Шалқар ауданы Жомарт ауылының тұрғыны кез келген жерге тұрмыстық қатты қалдықты тастап кететін замандастарына ренішін білдірді. Біздің арнаға жіберген видеодан айналаның шашылып жатқанын көруге болады. Аулымыздың кіре берісі қоқыс төгетін орынға айналама деп алаңдаймыз. Қоршаған ортаны ластап жүргендерді әкімшілік жазаға тарту керек. Елді мекенге келіп, кетіп жүргендер жол жөнекей тұрмыстық қалдықтарын осылай шашып, ауыл іргесін ластап жатыр. Өскен өлкемізді гүлдендіреміз деп жүргенде, біреулердің бүлдіргені қалай? Шыдамның да шегі бар. Әкімдік назарына алса екен.  Ал Қандыағаш қаласының тұрғындары қаңғыбас иттен қорқып жүр. Аудан орталығындағы бесінші және сегізінші кварталда төрт аяқты көбейген. Тұрғындар сабаққа өзі барып, келіп жүрген балалары үшін алаңдайды. "Ит таласа кім жауап береді?,- дейді видео авторы.  Күн жылынса көшуе суға толды. Шалқар ауданы орталығындағы Көшербаев көшесінің тұрғындар қызыл судың ортасында қалды. Мән-жайды айтып, көмек сұрағанымен, ешкім жәрдем бермеді. 
ШАЛҚАР КӨШЕ СУҒА КЕТТІ

Жылда қайталанатын жағдай осы. Мәселе шешіледі деп уәде етеді бірақ еш нәтиже жоқ. Көшедегі қар түгел ерісе үймізді су басады.  Бұл жерден адам тұрмақ көлік жүре алмайды. Жауаптылар хабардар бірақ еш шара қолданбай отыр. Балалар ойнап жүріп, ой-шұңқырға түсіп кетеме деп алаңдаймыз.
 Құрметті көрермен кез келген мәселеге қатысты айтарыңызды видеоға түсіріп,  +7 708 471 72 68 Ватсап нөміріне жолдаңыз немесе "Ағайынның айтары" хештегімен инстаграмға жүктеңіз. Сізден хабар күтеміз!

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
22:18, 3 сәуір 2020
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар