ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ Толығырақ

АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

19:42, 26 наурыз 2020

 Коронавирус жұқтырған ақтөбеліктің денсаулығы жақсы, ем қабылдап жатыр. Ұшақ бортында оның жанында отырған төрт адам да инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Бәрінен сынама алынып, теріс нәтиже көрсетті. Яғни, дін аман, вирус жұқпады. Дегенмен дәрігерлер бәрін екі апта бойы емдеу орнында, он күн бойы үй карантинінде бақылайтын болады. Өңірдегі қазіргі ахуал туралы тілшіміз айтып береді. Облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Обсервациялық және карантиндік госпитальдерге 67 адам жатқызылған. Инфекциялық бөлімде 10 адам бар.  82 ақтөбелік үй жағдайындағы карантинге алынған. Індет таралып  кетпесі үшін жан-жақтан келгендер мониторингке алынып, қатаң түрде тексерілуде. "Ақтөбеде вирус жұқтырған әйелдің жағдайы бір қалыпты. Онымен байланыста болғандардың барлығы оқшауланған және дәрігер бақылауында", - дейді өңірдің бас дәрігері Әсет Қалиев.Өңірдегі емдеу мекемелері кез келген жағдайға дайын, мамандар арнайы білімін жетілдірді. Олар ем жүргізу алгоритмін біледі. Бетперде мәселесі де көп ұзамай шешілмек.  Алдағы сенбіде облысқа 4 жарым миллион медициналық маска әкелінеді. Оның бір бөлігі аз қамтылған отбасыларға тегін таратылмақ. Сақтық шарасы жүйеленді, енді әр адам жеке бас гигиенасын естен шығармағаны дұрыс. Баспасөз отырсында әлеуметтік желі арқылы сұрақ көп қойылды.  Тұрғындардың дені қоғамдық көлікті дезинфекциялауға қатысты шағымын білдірді. Айтуларынша автобустардың санитарлық жағдайы сын көтермейді. Бұған қатысты басқарма басшысының өз жауабы бар. 
МӘЛІМБЕТ ИБРАШЕВ
ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 Аялдамалар мен автобустарды залалсыздандыру жұмысы бекітілген кесте бойынша атқарылып жатыр. Вирустың күшін жоятын арнайы дизинфекция сұйықтығы жеткілікті. Санитарлық бақылау басқармасымен бірлесе отырып, барлық қоғамдық көліктерге мониторинг жүргізіледі. 
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашов көрші елдерге қатынайтын автобустардың жұмысы тоқтағанын мәлімдеді. Ал ауданға қатынайтын қоғамдық көліктердің жұмысы бұрынғыша жалғаса береді. 
Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...