ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ

19:53, 22 қазан 2019

Алимент, салық және әкімшілік айыппұлды уақытылы төлемегендердің көлігі тәркіленеді.  Бүгін тәртіп сақшылары, әділет департаменті мен сот орындаушылары бірлесіп "Борышкер" акциясын бастады.Жедел алдын-алу шарасының басты мақсаты - әкімшілік жазаға тартылып, мемлекетке қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтардан айыппұлды өндіру.  Ақтөбелік сот орындаушылар қарызын өтеуден жалтарғандарды қатаң жазаламақ. Бұл - алимент, жалақы және бюджетке өндірілетін айыппұлдарды төлемегендерге қатысты. Арнайы жарақтандырылған "Автоқұйын" көлігі қарызы бар жүргізушіні бірнеше секундта-ақ анықтап береді. Тоқтатылған көлік иесі қарызын өтеуден бас тарса, темір тұлпары тәркіленбек. ¤¤Жыл басынан бері ақтөбелік полицейлердің өзі   жарты млрд теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салған. Оның 30 пайызы өндірілмеген. Жалпы, салық органдарынан жалтарып, қарызын төлеуден қашып жүрген азаматтардың саны 10 мыңнан асып жығылады.

АЗАМАТ ЕГІЗБАЕВ /АЙМАҚТЫҚ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ПАЛАТАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Борышкер бір әкенің қарызы қарызы шамамен 500-600 мың теңге. Акция кезінде бұл санаттағы азаматтарға да тиісті шара қолдынылады. Мәселен, алимент төлемеген әкенің иелігіндегі үй, пәтер, автокөліктері тәркіленеді.Сонымен қатар, борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында мекен-жайы туралы, дүние-мүлкі туралы ақпаратты алу құқығынан айырылады.

"Борышкер" жедел-алдын алу акциясы апта соңына дейін жалғасады. Осы аралықта көліктер құқық қорғаушылардың қырағы бақылауында болмақ. Сондай-ақ, мамандар қарызы барлардың үйлерін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...