ШҰҒЫЛ! Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген Толығырақ

"Ақбидай-2017" ауыл спортының алтыншы ойындары басталды

15:49, 13 қыркүйек 2017

Ақтөбеде республикалық "Ақбидай 2017" ауыл спортының алтыншы ойындары басталды. Оған еліміздің әр облысынан екі мыңға жуық үміткер қатысуда. Олар бес күн бойы спорттың 14 түрінен бақ сынайтын болады. Спартакиаданың ашылу салтанатына мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері де қатысты.

"Ақбидай" ауыл спорттық ойындары осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Әр төрт жыл сайын өтетін байрақты бәсекеде еліміздің барлық облыстарынан келген спортшылар бақ сынайды. Шараның ашылу салтанатына қатысқан тиісті министрлік пен әр өңірдегі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары, бұл жарыстың маңыздылығын атап өтіп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.      

Бұл жолғы спорт ойындары екі мыңға жуық қатысушының басын қосты. Олардың арасында бірқатар республикалық және халықаралық чемпионаттардың жүлдегерлері, жеңімпаздары бар. Әр өңірден келген командалар, спартакиада бағдарламасындағы спорттың 14 түрі бойынша өнер көрсетеді. Оның арасында ұлттық ойындар да бар. 

Бүгіннің өзінде, қала сыртындағы атшабарда бірнеше жарыс өткізілді. Көрші өңірлердің ойыншылар үздіктердің қатарынан көрінген. Дегенмен, ақтөбеліктердің де дайындығы мықты дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан да, бұл жолғы шара барысында жеңіске деген үміт басым. Ал, жалпыкомандалық есепте қай өңірдің жеңімпаз болатыны бес күннен кейін анықталатын болады.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Мейіржан Аманжолов

Тақырып бойынша материалдар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар