ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

21:00, 3 наурыз 2020


 Алдымен Ақордадан жеткен ресми ақпарат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сума Чакрабартиді қабылдап, Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақты талқылады. Екеуара әңгіме барасында Президент пен банк басшысы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын тілге тиек етті. Әрі тараптар коронавирус індетінің әлемдік экономикаға кері ықпал туралы да пікір алмасты. Өз кезегінде Сума Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік тізгінін алғанына жақында бір жыл толатынын атап өтіп, құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ мәртебелі мейман осы бір жыл ішінде елімізде атқарылған саяси және экономикалық реформаларға, әсіресе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына жоғары баға берді.  
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Сізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Соңғы рет былтыр жазда жүздесіп едік. Сол уақыттан бері әлемдік экономика мен саясатта біраз өзгеріс болды. Қазір әлемді коронавирус алаңдатып отыр. Оның зияны экономикаға да әсер етті. 
СУМА ЧАКРАБАРТИ 
ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ
 Лондондағы  бас офисіміздегі команда мен Қазақстандағы өкілдіктің пікірінше, Сіздің біліміңіз бен халықаралық қатынастардағы мол тәжірибеңіз еліңіздің дамуына елеулі үлес қосады. Біз Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдаймыз, Президент ретінде бір жылда атқарған табысты жұмыстарыңызға ризашылық білдіреміз.
 Сондай-ақ президент Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХР басшылығының коронавирустың таралуына қарсы күрес жөнінде қабылдаған шаралары туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қытайдың індетті ауыздықтау үшін атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, Қазақстанның осы жаһандық деңгейдегі қауіпке қарсы бірлесіп күресуге ниетті екенін жеткізді. Кездесу барысында қазақ-қытай байланыстарын нығайту, сондай-ақ, екі елдің халықаралық аренадағы ықпалдастығы да сөз болды.

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар