ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР

19:50, 15 қазан 2019

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы аясында облыс орталығында құрылған ақпараттық топ мүшелері қазір ауыл-аймақты аралап, Елбасы Жолдауының мазмұн-мәнін жұртшылыққа жеткізіп жүр. Сондай кездесулердің бірі Хромтау ауданының елді мекендерінде өтті. Жолдау жүктеген міндеттер туралы айтылған жиында ұрпақ тәрбиесі, әсіресе, ұлттық тәрбие де кеңінен қозғалды. Ақпараттық топ мүшелері хромтаулықтармен бірге Елбасының Ұлы даланың жеті мақаласын талқылады. Осы күні хромтаулықтар бизнеспен айналысудың қыр-сыры, оның ішінде ауыл әйелдері аспаз болу, кондитерлік өнімдер кәсібін ашу туралы ақпарат  алды. Ал медицина мамандары елімізде 2020 жылы енгізілетін міндетті сақтандырудың артықшылықтарын айтып берді. 

АЙГҮЛ ЖАНАСАЕВА /МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ

-Кепілдік берілген ақысыз медициналық көмек көлеміне жедел авиациялық көмек, шұғыл стационарлық көмек түрлері кіреді. Ал міндетті медициналық сақтандыру пакетіне КТ, МРТ сияқты жоғары технологиялық көмектер, лабораториялық қызметтер, операциялар, консультациялар тегін болады.

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы кезінде жастар арасында спорттық ойындар да ұйымдастырылды. Жеңімпаздар марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар