ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АҚПАРАТТЫҚ ТОП ӘР САЛАДА КЕҢЕС БЕРДІ

18:39, 15 қазан 2019

Кәсіптің қандай түрін ашуға болады? Еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие? Қаладан баспана алу үшін не істеу керек? Осындай және қоғам үшін басқа да маңызды сұрақтар Қарғалы ауданында өткен шаралар кезінде талқыланды. Ауданға Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы аясында әр саланың мамандары барды. Қарғалы ауданында 17 мыңның үстінде халық тұрады. 8 ауылдық округі бар. 26 мектеп және сондай мәдениеті ошақтары жұмыс істеп тұр. Ақтөбеден барған ақпараттық топ өкілдері бәрін қамтуға тырысты. Аудан басшылығының қатысуымен өткен жиында осы өлкеде жасалып жатқан жұмыстар айтылды. Ал жаңа форматта төленетін атаулы әлеуметтік кімге тисілі? Бұл сұрақ қарғалылықтарды да қызықтырды. Халықтың басты базынасы - баспана. Оған қалай қол жеткізуге болады? Әсіресе, көпшілікті Ақтөбе қаласынан үй алу туралы ой мазалайтыны рас. Бұл үшін қазір тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы әр түрлі жеңілдетілген бағдарламалар ұсынылып отыр. "Нұрлы жер", "Бақытты отбасы", "7-20-25". Мұның тетіктерін банк саласының мамандары түсіндірді. Мүгедек балаларды спорттық сауықтырумен айналысатын мамандар еліміз бойынша тапшы. Әсіресе туа бітті сал ауруына шалдыққан балалармен айналысатын арнайы дене шынықтыру мамандары жоқтың қасы. Осы мәселе ата-аналардың қатусымен өткен семинар барысында қозғалды. Бұл сұрақ балаларды спортқа баулып жүрген Ерәділ Үбениязовты да толғандырады. Ол қазір қоғамдық ұйым құру арқылы мамандар даярлау ісін алға жылжытуды ойлайды. Бұдан соң, ауданға барған ақпараттық топ мүшелері бизнес бастау бойынша дәрістер өткізді. Кәсіп ашамын деген тұрғындар құжат жинау, несие алу жолдарын үйренді. Семинар кезінде курсқа қатысқандарға сертификаттар берілді. Осындай ақпараттық жұмыс Қарғалы ауданының бірнеше елдімекенінде жалғасты.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:35, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
"NUR  OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
15:52, 9 желтоқсан 2019
"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...