ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

АҚШАТТА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

18:23, 4 қыркүйек 2019

Ақшат ауылында жаңа балабақша жұмысын бастады.  Мектепке  дейінгі білім мекемесінің ашылуымен ауылдағы балабақша мәселесі толығымен  шешілді. Ғимарат  мемлекет пен жеке меншік серіктестігі аясында  салынды. Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары,  қала басшылығы  қатысты. Әсем бөбекжай "Алан" деп аталады. Жаңа ғимараттың ашылуын ұзақ күттен  ақшаттықтар үшін бүгін нағыз мереке.  Ауылдықтардың айтуынша, балабақша бұл елді мекенде 30 жыл бұрын болған. Жаңа балабақшаны салып берген  жеке кәсіпкер Гүлсана Тасимованың  айтуынша, құрылысқа 120 миллион қаражат жұмсалды.  Мектепке дейінгі тәрбие мекемесі 144 балаға арналған. 4 топ жасақталды. Балабақша замнауи үлгіде салынған. Мұнда  музыкалық, спорттық залдар, медициналық кабинет, бірнеше ойын аймағы қарастырылған.Ауыл тұрғындары Ақшаттың күннен күнге көркейіп, өркендеп келе жатқанын жарыса айтып жатты. 2017-ші жылы жаңа мектеп бой көтерсе, 2018-ші жылы фельдшерлік пункт пайдалануға беріліп, ауылда жаңа жұмыс орындары ашылды. Жаңа балабақшаға  20 тұрғын жұмысқа орналасты.  Ендігі олардың арманы ауылда мәдениет ошағын ашу. 
Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...