ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

АКТЁР АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ

20:50, 20 маусым 2019

Белгілі театр және кино актеры Асылхан Төлепов туған жеріне мәдени іс-сапармен келді. Көпшілікке "Жау жүрек мың бала" тарихи фильмі арқылы танылған ол Ойыл ауданының тумасы. Асылхан осы сапарында Қараойда өткен ауыл күндерінің құрметті қонағы болды. Дәл осы күні ауылда саябақ ашылды."Жау жүрек мың бала" фильміндегі Сартай батырдың рөлін сомдаған Асылхан Төлеповті Ақтөбе өңірі, соның ішінде ойылдықтар "біздің бала", "жерлесіміз," деп іш тартады. Өзімсініп, "көкжардың қыраны" деп те айтады. Әр жетістігін өз жеңісіндей көреді. Әсіресе, қараойлықтар Асылхан дегенде ерекше мақтанып сөйлейді. Атамекеніне ат басын бұрған Асылханның бұл жолғы сапары ауылда өткен "Жастар - болашаққа жол бастар" шарасына ұласты. Айта кету керек, ойыл ауданында қазір 5000-нан астам жас бар. Тындырылған істер де аз емес.Шарада Асылхан Төлеповтен бөлек ауыл түлегі жас әнші Еркебұлан Құмаров пен ұстазы, белгілі әнші Марат Әйтімовке ауыл әкімі арнайы құрмет көрсетті. Аудан жастары да құр алақан қалмады. Сондай-ақ, осы шараға көршілес Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданынан келген өкілдер де бар. Оралдық жастардың сөзінше, "Асылхан Ойылдың ғана емес, батыс аймағының мақтанышы".Футбол мен воркаут алаңы, алма бақ пен 2000-нан астам түп жас шыбық егілген демалыс саябағы, жаңа мешіт,  "Бәйтөбе" ұлттық спорт алаңы. Құны 21 млн болатын бұл жобалар жастар жылы аясында атқарылған тыңғылықты істер. 1300 тұрғыны бар қараойлықтардың ендігі мәселесі жол мен көгілдір отын."Жауы жүрек мыңбаладан" бөлек, Асылхан осыған дейін "Рэкетир-2", "Балалық шағымның аспаны", "Сұңқар" секілді киноларда өз рөлін сәтті сомдап шықты. Асылханның көрермендерге сүйіншісі бар. Өзінің айтуынша, жақында ол Ақан Сатаевтың "Томирис" және қырғыз-қазақ бірігіп түсірген "Время стойких" фильміне түсіп үлгерген. Қос туындыны киносүйер қауым биыл көре алады. Орталық саябақтан соң кездесу ауылдық мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда аудан жастары актерға сұрақтарын қойып, емін-еркін диалог құрды.Ауданда төртінші мәрте өткен "Жастар - болашаққа жол бастар" шарасы осыған дейін  Саралжын және Қаратал  округтерінде өтті.  12 тамыз халықаралық жастар күні қарсаңында аудан орталығында қорытындыланбақ.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ КЕНДІ ӨҢІРДІҢ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
13:42, 22 шілде 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ КЕНДІ ӨҢІРДІҢ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ - БАСТЫ МІНДЕТ
13:38, 22 шілде 2019
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ - БАСТЫ МІНДЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар