ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

АҚТӨБЕ - БЕС "АҚЫЛДЫ ҚАЛАНЫҢ" БІРІ

18:48, 3 шілде 2019

Ақтөбе Қазақстанның "ақылды қалаларының" үздік бестігіне енеді. Бұл туралы тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық саласында эталондық стандарттарды талқылауға арналған жиын барысында айтылды. 
Елбасы өз жолдауында цифрлық жүйені өнеркәсіпке, білім саласына енгізу, "Ақылды қала" жүйесін қолға алу керектігін атап өткен-ді. Соған сәйкес, Ақтөбе өңірінде барлық салада цифрландыруға басымдық берілуде. Жобаны дамыту бағытына 11 сала енгізілген. Ең негізгісі - бесеу. Білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету салалары. Әрқайсысына эталондық стандарт енгізілген. Ал ол дегеніміз?
АЛМАС САЛЫҚБАЕВ /АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- эталондық стандарт туралы, ТҮКШ туралы
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында кедергілердің болуы - жүйенің бірізділігінің жоғында. Сол себепті де бүгін мәселені шешу үшін түрлі коммуналдық мекемелер мен басқарма өкілдері бір үстел басына жиналды. Қатысушыларға "ақылды қалаға" сәйкес келетін коммуналдық қызметтерді есептеуге арналған аспаптар таныстырылды.
ЭДУАРД ФАТИХОВ /ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
-Бұл - қанатқақты жоба. Құрылғы тұрғын үйлердегі есепке алу құралдарының көрсеткіштерін автоматты түрде беруімен ерекшеленеді. Құрылғыны жасау үшін ұзақ зерттедік. Дегенмен, біздің ең бірінші көздегеніміз - отандық құралды қолдану, Өйткені, нарықта шетелден келетін құрылғылар көп. Егер, жоба іске асса, ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастырып, жергілікті өнімділік арттырамыз деген ойдамын.
Тағы бір айта кетер жайт, бүгінде "ақылды қаланың" дамуына жауап беретін басқарма нарық қажеттілігіне сәйкес келетін ақылды жарықтандыру, метеорологиялық құрылғылар, үйді басқару платформасы, темір қақпақтарды мониторингтеу жүйесі және ақылды аула сияқты инновациялық-техникалық жобаларын енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...