ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АҚТӨБЕ ДАРЫНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

18:34, 9 тамыз 2019

Бүгін "Ақтөбе Дарыны - 2019" жастар сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Елбасының "Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, сонымен қатар жастар жылы мен қаламыздың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға 90 жас қатысты. Шарада сондай-ақ, қала әкімі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңестің жұмысы талқыланды. Жас маман Гауһаршахназ Нұрланқызы байқаудың "Ғылым және білім" номинациясының жеңімпазы. Қаламыздың 150 жылдығына арнап "Пирамида" ғылыми жобасын ұсынған. Онда өңір тарихынан сыр шертетін оқиғалар топтастырылған. Сонымен қатар, рухани ғимараттардың заманауи мүмкіндіктері де пирамиданың шыңына дейін баяндалады.  Ақтөбе Дарыны байқауына 90 жас қатысты. Оның ішінде байқау талаптарына сай жобалар іріктеліп, 15 жеңімпаз анықталды.Бүгінгі күні қалада 115 мың жас бар. Оның 13 мыңы белсенді.Ал, қалғандарының немен айналысатыны белгісіз. Осы мәселе кеңесте кеңінен талқыланды. "Өңірде жастардың белсенділігі кемшін" дейді шаһар басшысы. Жеке кәсіппен айналысуға жастардың құлшынысы жоғары. Оған мемлекеттен түрлі гранттар мен төмен пайыздық несиелер қарастырылған. Алайда, олар нарық қажеттілігі жөнінде бағыт-бағдар, кеңес алу жағынан қиналады. Қазірде 29 жасқа дейінгі 4500 жас жұмыспен қамтылған. Оның 200-ге жуығы қаланы көгалдандыру, абаттандыру секілді қоғамдық жұмыстарға тартылған. Дегенмен көпшілігі жалақысы аздығынан мұндай іске келгісі жоқ. Жоұмыстың жоқтығының бір себебі осы.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...