ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

"АҚТӨБЕ" ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

10:16, 6 қараша 2019

Биылғы жылдың ойын маусымы "Ақтөбе" футбол клубы үшін қиын болды. Футболшылар 32 матч өткізді. 7-еуі жеңіспен, 19-нын жеңіліспен аяқтады. 6 рет қарсыласпен тең түсті. Премьер лига командалары арасынан 1-ші лигаға түсіп қалды. Оның себебі неде? Клубтың қарызы мен бюджеті, жалпы команда сапындағы өзгеріс қандай? Осы сауалдарға бүгін "Ақтөбе" ФК-ның бас директоры Самат Смақов жауап берді.  Жергілікті футбол клубының биылғы Премьер лига ойындарынан қалыс қалуына бірнеше себеп бар. 2015 жылдан бастап клуб бұрынғы футболшыларға қарыз болды. Соның салдарынан халықаралық футбол федерациясы жаңа ойыншыларды құрамға қосуға тыйым салып, 12 ұпайды шегеріп тастады.  

САМАТ СМАҚОВ
"АҚТӨБЕ" ФК БАС ДИРЕКТОРЫ 
 Алынып тасталған 12 ұпайды қайтару жұмысы футбол маусымы басталғаннан бері жалғасып келді. Білікті заңгерлер де араласты. Бірақ "Ақтөбе-Жас" пен "Ақтөбе-Ж" командаларының келісілген матчтарға қатысқандығы анықталған соң, ФИФА ұпай қайтару ісін қараусыз қалдырды. 

Клуб  бұрынғы ойыншылар мен бапкерлердің қарызын түгел өтеді. Биылғы жылдың бюджеті 2 млрд теңге. Ал, келесі жылдың қаржысы әлі белгісіз. Бір анығы бөлінетін қаржы көлемі қысқартылады,-дейді Самат Смақов. Келесі жылы "Ақтөбе" ФК-бы Қазақстан Премьер лигасының құрамына қосылады. Мен бұл уәдемді орындаймын. Алдымен жанкүйерлер үшін",-деді ол.  

САМАТ СМАҚОВ
"АҚТӨБЕ" ФК БАС ДИРЕКТОРЫ
Жанкүйерлерге көп рахмет. Шексіз алғыс. Олар біз қандай ойын көрсетсек те қолдау білдірді. Жеңіліс тапқан кезімізде де қасымызда болды. Біз олармен мақтанамыз. Сонымен қатар, Премьер лигада барын салып ойын көрсеткен футболшыларға алғыс айтамын. Кедергілерге қарамастан олар қолдарынан келген мүмкіндіктің барлығын жасады. Мен ешқандай олардың тарапынан жағымсыз сөз естіген жоқпын. 

Команда құрамына келсек, 8 ойыншыға өзге клубтардан ұсыныс түскен. Команданың негізгі құрамын сақтап қалуға келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бас бапкер Александр Седнётың да келер жылы қалу-қалмауы белгісіз. Себебі, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 1-ші лига бапкерлерінің тек ҚР азаматтары болуын көздеп отыр. Еске сала кетейік, 10 қарашада "Ақтөбе" ФК-ы "Тобыл" командасымен Қостанайда осы жылдың соңғы ойынын өткізеді. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...