Ақтөбе инвестиция тарту бойынша көш басында

Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға артты. Халықаралық сарапшылар Ақтөбе бизнестің дамуына оңтайлы жағдай жасаған өңір, деп баға берді. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша Ақтөбе облысы Республикалық көрсеткіште екінші орында тұр. Аймақтың әлеуметтік -экономикалық жетістігін бүгін облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуінде айтты.

21:41, 17 шілде 2017   183

Алты айда өңір экономикасы 4 пайызға артты. Республикалық көрсеткіш бойынша Ақтөбе  үздік бестіктің қатарында. Ал, өңдеу өнеркәсіп жетістіктері облысты екінші орынға шығарды. Ауыл шаруашылығындағы  жалпы өнімдер көлемі 103 пайызға ұлғайды. "Елбасы тапсырмалары толығымен орындалды" деген облыс басшысы қай салада болмасын өсім бар екенін алға тартты. Облыс жетістігін халықаралық мамандар да жоғары бағалап отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

-Жуырда ғана Бүкіләлемдік банктің әр өңірдегі кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайына қатысты ақпараты жарияланған болатын. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласынан кейін біздің өңір екінші орында тұр. Ал, өткен жылы "атамекен " жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде де біз екінші орын алдық. мұның барлығы облыстағы инвестициялық климаттың дамуына оң ықпалын тигізі отыр.

Өңірде мемлекеттің қолдауын ұтымды пайдаланып, кәсібін дөңгелентіп отырғандар аз емес. Шағын және орта бизнес субьектілері артып Ақтөбе алдыңғы үштікке енді. Сондай-ақ, мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында 28 миллиард теңгенің 62 жобасы жүзеге асырылуда. Инвестиция тарту жұмысы бойынша да Ақтөбе ел бойынша көш бастап тұр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

-Қазіргі таңда облыс экономикасына 160 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 32 пайызға жоғарылаған. Біз үшін ең үлкен көрсеткіш, ол - халықты жұмыспен қамту. Қазіргі таңда 4,8 пайызды құрайды. Былтырғымен салыстырғанда республика көрсеткішімен алсақ, төмен.

Экономика саласында жетістік көп. Алайда, кемшін тұстары да бар. Баспасөз жиынында журналистердің бірі құрылысы басталып, аяқсыз қалған нысандардың мәселесі жөнінде сауал қойды. Облыс әкімінің айтуынша, биылға дейін Ақтөбеде құрылысы тоқтап тұрған 33 нысан болған. Олармен жергілікті билік жұмысты күшейтіп, кейбір кәсіпкерлерге қолдау көрсетті. Нәтежиелі жұмыстың негізінде  өңірде мұндай 6 нысан қалды. Оның бірі - қаланың қақ ортасында орналасқан "Шератон" қонақ үй кешені. Кәсіпкер "Цесна банктен" алған несиесін уақытылы қайтара алмай қарызға белшесінен батты. Кейін екеуара келісім нәтижесінде бұл кешен банкке берілді. Қазір банкпен келіссөздер жүргізілуде. Құрылысы аяқталмай тұрған тағы бір нысан- Космос қонақ үйі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Космосқа қатысты айтсам, құрылысты бастаған Асрян Ақтөбеде кәсіпкерліктің дамуына көрсеткен қысымға қатысты Елбасыға хат жазды. Мен құрылысы бастаған кезде асрянның өзімен жолықтым, Ол келесі жылы барлық жұмысты аяқтайтынын айтып сөз берген. Ал, одан кейін бұл құрылысқа қатысты сот басталды. нәтижесінде не болды 120 тұрғын пәтерсіз қалды. Өйткені ол 3 тұрғын үйді банкке кепілдікке салды. Соның салдарынан тұрғындар зардап шегуде.

Ақтөбеде кәсіпкерлікпен айналысуға  ешқандай кедергі жоқ. Есесіне қолдау көрсетіп өңір дамуына үлес қосуға үндеу жасалуда. Мұны теріс түсінгенгендер де бар.  "Дастархан" мейрамхана желісінің иесі шетелдік инвестор Ақтөбеде өз кәсібін жасап, табыс тауып отыр. Алайда, өңірге салықтан басқа тигізер пайдасы жоқ. Сондықтан оның ісі әлі де қаралады,- деді облыс басшысы.  Бердібек Сапарбаев қазір Ақтөбеде жағдай тұрақты, қауіпсіздік шаралары қолға алынған, қолдау бар бастысы  ел игілігіне еңбек ету қажет екенін айтты.

Райгүл Еншібайқызы

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44