ШҰҒЫЛ! Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды Толығырақ

Ақтөбе инвестициялық форумының қонақтарын қарсы алды

19:08, 12 қазан 2017

Ақтөбе халықаралық инвестициялық форумға келетін қонақтарды қарсы алып жатыр. Бесінші мәрте өткізіліп отырған форумға 15 елден инвесторлар мен кәсіпкерлер келеді. Бүгін Алматы-Ақтөбе, Астана-Ақтөбе рейсімен ұшып келген меймандарды біздің түсірілім тобы қарсы алды

Форумға арнайы келгендердің бірі - табысты кәсіпкер Серікбай Бисекеев. Оның есімі бизнес әлеміне жақсы таныс. Ол "Арман Холдинг" халықаралық компаниясының негізін қалады. 2012 жылы Ресейдің ең үздік кәсіпкері атанды. Форум аясында Құдайберген Жұбанов атындағы университетте және Қазақ-орыс халықаралық университетінде шеберлік сағаттарын ақысыз өткізбек. 

СЕРІКБАЙ БИСЕКЕЕВ, КӘСІПКЕР

- Мен облыс әкімінен форумға шақырту келгенде, бірден келістім. Осыған дейін де бизнес әлемінің қыр-сырын білгісі келген ақтөбелік студенттер дәріс оқуымды өтінген болатын. Міне, бұл кездесудің де сәті түсті. Оларға бар тәжірибемді үйретіп, жеңіске жетудің жолдарын айтамын.

Халықаралық инвестициялық форум екі күнге жоспарланған. Негізгі шаралар ертең өтеді. Оған 15 елден 300 адам қатысады деп күтілуде. Мақсат -  Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп, инвестициялық имиджін қалыптасуына ықпал ету, отандық және шетелдік қаражатты облыс экономикасына тарту. Онда құны 200 млрд.теңгеден асатын 10-нан аса меморандумға қол қойылады.

ГРЭЙМ БУТТ, ИНВЕСТОР

- Мен Дубайдан келдім. Трансұлттық компаниямыз бар. Мақсатым - газтурбиналық электр станциясының құрылысына қатысты жобаны инвестициялау. Біздің жобаларымыз Қазақстанда бұрыннан жүзеге асырылуда. Енді ақтөбелік әріптестермен ынтымақтастық орнатсақ деген ниет бар.

Екі күн бойы шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа технологияларды енгізу бойынша кәсіпкерлерге арналған тренингтер мен семинарлар, шеберлік сағаттары ұйымдастырылмақ.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Ферроқорытпа зауытында мерейтойлық металл балқытылды
18:57, 19 қаңтар 2018
Ферроқорытпа зауытында мерейтойлық металл балқытылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...