ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды

00:19, 20 қаңтар 2018

Ақтөбе облысында өртенген автобусқа қатысты қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тергеу шаралары жалғасуда. Алғашқы болжамдар да жоқ емес. Марқұмдардың мүрделері Ақтөбеге жеткізілді. Сараптама жұмыстары басталып кетті

Қалың елдің қабырғасын қайыстырған бұл қайғылы оқиға Сарама-шымкент автожолының 1068-ші шақырымда бейсенбі күні таңертең болды. Ырғыз ауданының Қалыбай ауылынан 10 шақырым қашықтықта шымкент-қазан бағытына сапарға шыққан Икарус автобусы өртенді. Автобус жолаушылар тасымалымен тұрақты айналысып келген. Көлік ішінде 57 жолаушы болды. Оның басым көпшілігі Өзбекстан азаматтары. Жантүршіктірген оқиға салдарынан 52 адамның өмірі қиылды.    

Қазақстан премьер министрінің өкімімен құрамына министрліктер мен ведомстволар өкілдері енгізілген арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Жұмыс тобы оқиға орнында болып, қайғылы жағдайға байланысты болжамдарды баяндады. 

Көрші мемлекет тарапы да Өзбекстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрды. Бейсенбі күні Ақтөбеге үкіметтік делегация өкілдері келді. Құрамында Өзбекстан министрліктерінің өкілдері, елшілік мүшелері болды. Олар Қазақстан тарапына шұғыл көмектері үшін ризашылық білдірді.  

Ал жұма күні таңертең Өзбекстаннан комиссия келіп, оқиға орнына тікұшақпен жетті. Өртенген автобусты Өзбекстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі Рустам Джураев өз көзімен көрді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновтің айтуынша, оқиға орнында тергеушілер жұмысты жалғастырады. Бұл жерге Ішкі істер органдарының, төтенше жағдай қызметінің, прокуратураның, облыс әкімдігінің және жергілікті жол қызметтерінің 80-нен астам қызметкері және 30 техникасы жұмылдырылған.

СЕРІК  ТӨЛЕНБЕРГЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Біз оқиға болған жерде болдық. Өзбекстан делегациясына  апат болған орынды көрсету үшін бірге бардық.  Тексеру жұмыстары әлі де жалғасады

Өртте ажал құшқан марқұмдардың мүрделері өңіраралық Ақтөбе сот сараптама орталығына жеткізілді. Бұл жерде сараптамалық жұмыстар жалғасты.

НАЗГҮЛ ИМАНБАЕВА, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ «СОТ САРАПТАМА ОРТЫЛЫҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Сарапшылар түні бойы жұмыс істеді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмысты жалғастырып жатыр. Қаза болған адамдардың мүрделері толық жеткізілді. Сараптама жұмысы кезінде Өзбекстандағы әріптестеріміз келіп, түні бойы жұмыс істеді

ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Өрт оқиғасының себептері анықталды. Автобустағы жолаушылар өрт қауіпсіздігін сақтамаған. Салғырт қараған. Автобус іші салқын болғандықтан, от тұтататын құрылғыны пайдаланған. Соның салдарынан күтпеген жерден өрт шыққан. Тексеру барысында ол анықталды. Және тірі қалған куәгерлердің де сөзі осыны растайды 

Сот сараптама орталығында қаза болған 52 өзбек азаматының мүрделерінің бәрін бірдей тануға мүмкін болмады. ДНК сараптамасы марқұмдардың денелері отандарына жеткізілген соң жүргізіледі дейді жауапты мамандар.

РУСТАМ ДЖУРАЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ

- Біз Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстанның Премьер-министріне, барлық министрліктер мен ведомстволар басшыларына алғысымызды білдіреміз. Бізге жергілікті жерде барлық жағдай жасалды. Үкіметтік деңгейде құрылған комиссияның жұмыс жасауына көмек көрсетілді, еш кедергі болған жоқ. Біз мүрделерді елімізге жеткіземіз. Қажет болған жағдайда сараптамалық жұмыстар жалғасады. Мүрделерді отбасы мүшелеріне тапсырамыз

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...