ШҰҒЫЛ! Шалқар ауданы 8 айды қорытындылады Толығырақ

Ақтөбеде бірнеше отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

19:10, 12 қыркүйек 2017

"Юнис сити" тұрғындары жарықсыз және жылусыз қалуы мүмкін

Ақтөбеде ондаған отбасы бір күнде баспанасыз қалуы мүмкін. Осыдан төрт жыл бұрын қоныс тойын өткізген тұрғындардың қуанышы ұзаққа бармады. Коммуналдық төлемнен қарызға белшесінен батқан үй тұрғындарының мәселесі бір ғана бұл емес... Жарық өшіп, лифт істен шыққан. Шатыр мәселесі де өзекті.    

Бұл - Ақтөбедегі "Юнис Сити" тұрғын үй кешенінің тұрғындары. Жаңа құрылыстан үй алған олар, жарықсыз және жылусыз қалулары әбден мүмкін. Баспаналарын "Самұрық Қазына" желісі бойынша мемлекеттік бағдарламамен алды. Алайда, компанияға қарасты еншілес фирманың салғырттығынан тұрғындар зардап шегіп отыр. 

87 жастағы Шолпан апай үшін 5-ші қабаттағы пәтеріне кіріп-шығу тіпті қиын.  Әсіресе подьездегі жарықтың сөніп, лифттің істен шыққаны қиын болды. Коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеп отырмын, - дейді жалғызбасты әжей. 

"Юнис сити" тұрғын үй кешеніне қарасты екі үйде 560 отбасы тұрады. Оның 300-і пәтерді тұрғын үй кезегі бойынша алған. Ай сайын төлейтін коммуналдық өтемақыға қоса тұрғындардан үйдің  4 миллион 300 мың теңге қарызын да бөліп төлеуді Энергоснаб серіктестігі талап етіп отыр. Әйтпесе, олар қысты жылусыз, жарықсыз өткізуге мәжбүр болмақ. Ал, жергілікті билік бұл жағдай бақылауымызда деп сендірді.

Төрт жарым миллион теңгені тұрғындардың өздері бөліп төлеуі әбден мүмкін. Алайда пәтер иелері бұл "ФМ Менеджмент" серіктестігінің қателігі деп отыр. Айта кеткен жөн, тұрғын үй 2013 жылы пайдалануға берілді. Үй құрылысына жауапты мердігер мекеме "Оксибилд" серіктестігі болған.

Райгүл Еншібайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Жәрмеңкеде 358 бос жұмыс орны ұсынылды
18:20, 22 қыркүйек 2017
Жәрмеңкеде 358 бос жұмыс орны ұсынылды
Толығырақ...
Көпқабатты үйлерге бейнебақылау камералары орнатылып жатыр
18:11, 22 қыркүйек 2017
Көпқабатты үйлерге бейнебақылау камералары орнатылып жатыр
Толығырақ...
Зиратты сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынды
13:00, 22 қыркүйек 2017
Зиратты сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Ақтөбе  -  құтты  мекен" форумына  әлемге танымал жерлестеріміз келеді
14:58, 19 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестер...
Толығырақ...
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
17:45, 18 қыркүйек 2017
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
Толығырақ...
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
14:05, 18 қыркүйек 2017
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
Толығырақ...