ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АҚТӨБЕДЕ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ КӨШЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ

21:02, 20 наурыз 2019

Ақтөбеде де Нұрсұлтан Назарбаев көшесі пайда болды.  Ақтөбе облыстық мәслихатының депуттаттары халықтың ұсынысын қабылдап, Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігіне Нұрсұлтан Назарбаев есімін берді. Мәслихаттың кезектен тыс 30-шы сессиясы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өтті. 

Ақтөбедегі ең ұзын көше - Әбілқайыр хан даңғылының Әлия Молдағұлова даңғылынан Бөкенбай батыр көшесіне дейінгі аралығы енді Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып аталады. Көшенің ұзындығы - 3,1 шақырымды құрайды. Халық қалаулылары қала әкімдігі жанынан құрылған ономастика комиссиясына ақтөбеліктерден түскен ұсыныстарды қарап, даңғыл атауын қайта өзгерту туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Депутаттар даңғылды Нұрсұлтан Назарбаев деп атау ұрпақтар сабақтастығының бір көрінісі дейді. 

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында әлеуметтік-экономикалық нысандар орналасқан. "Қазпошта", "Өнер орталығы", Елбасы өзі ашқан Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақ пен Астана саябағы, 2009 жылы пайдалануға берілген Нұр Ғасыр мешіті, 25 қабатты үй және тағы да басқалары. Назарбаев көшесінің пайда болуы-Тұңғыш президентке деген зор ықылас. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшылары осындай пікірде. Аса берік шойын өндіруге қажетті ферроқоспалар шығаруға мамандандырылған металлургиялық кәсіпорында қазір 4000 ға жуық адам жұмыс істеп жатыр.  Өз өкілеттігін тоқтатқан президенттің еңбегін ескеріп, қаламыздың бас даңғылының бір бөлігіне Н.Назарбаевтың есімін беру-оң іс,-дейді металлургтер.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...