ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

АҚТӨБЕДЕ ҮЗДІК ТАУАРЛАР АНЫҚТАЛДЫ

18:05, 11 шілде 2018

Ақтөбелік тауар өндірушілер өткен алты айда 870 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл былтырғы жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға көп. Бұл туралы бүгін "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Дәстүрлі сайыста 40-тан астам кәсіпорынның өнімдері қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Орынбай Жолмұратов тәжірибелі ауыл кәсіпкерлерінің бірі. Ұзақ жылдардан бері бие сауып қымызы мен жылқы етін тұтынушыларға жеткізіп келеді. Өзі басшылық ететін шөбі шүйгін, жайылымы мол Әйтеке би ауданындағы шаруа қожалығында 20-ға жуық ауылдасын жұмыспен қамтып отыр. Ал, өнімі көрші аудандар мен Ақтөбеде сұранысқа ие. Бүгінгі көрме - байқауға қатысқан кәсіпкер болашақта тағы бір жобаны іске асырмақ ойда.

Көрме - байқауға қатысқан облыс әкімі көпшілік назарына ұсынылған өнімдерді көрді. Әр тауар өндірушімен сөйлесіп, істерінің жай-күйін білді. Ал, көрмеге танымал кәсіпорындардың өнімдерінен өзге, жеке кәсіпкерлер және бизнесін жақында ашқандардың тауарлары қойылған. Сапалары ірі компаниялардікінен еш кем емес дейді сарапшылар. Арасында, азық-түлік, тігін бұйымдары, құрылыс материалдары, жиһаз өнімдері бар. "Бастау" жобасының өткен жылдардағы түлектері де макарон және қағаз өнімдерін қойған. Облыс әкімі кәсіпкерлік секторды қолдау мемлекет басшысының тапсырмасы деді.

Мұндай шараның бизнес өкілдері үшін берері көп. Табиғат пайдаланушы ірі компаниялаирда өздеріне қажетті тауар немесе қызмет түрлерін тауып, қазақстандық мазмұндағы өнімдерді еселендіруге ықпал етеді. Облыс әкімі мұндай басқосулар кәсіпкерлердің өзара байланыс орнатып, өңірде өнім көлемін арттыруға септігін тигізетін ортақ алаңына айналды деді.

Билік бизнеске бет бұруы үшін кәсіпкерлер халық сенімінен шығатындай сапалы өнім өндіруі керек. Облыс әкімі бұл негізгі талап деді.

Жалпы, "Қазақстанның үздік тауары" байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұған дейін республикалық деңгейдегі сайыс жеңімпазы болып, "Алтын сапа" сыйлығын ақтөбелік "Жаңа Әлжан ұн комбинаты", рельс арқалыс зауыты және "АЙС" серіктестіктері иеленген болатын. Сыйлықты 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық өнім сапасын жақсартуға бағытталған заңды және жеке тұлғалардың қызметін белсенді ету, нарықты бәсекеге қабілетті тауарлармен толтыру мақсатында тағайындаған болатын.  

Көрме-байқау соңы үздіктерді марапаттаған салтанатқа ұласты.

Сонымен байқаудың аймақтық кезеңі бойынша тоғыз тауар өндіруші үздік деп танылды. Атап айтсақ, "өндірістік мақсаттағы үздік тауар" аталымында өртке қарсы құралдар шығаратын, арнайы киімдер тігетін серіктестіктер мен рельс арқалыс зауыты топ жарды. Ал, "халыққа арналған үздік тауар" және "Үздік азық-түлік тауары" номинацияларында "Ақтөбе ет кластері", "Рамазан", "Ақсу" жиһаз фабрикалары секілді кәсіпорындар жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек, облыс әкімі Астана қаласының 20 жылдығына орай бірқатар өндіріс орындарының басшыларын да марапаттады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...