ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АҚТӨБЕДЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

19:27, 25 маусым 2019

Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты облыстан әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жарылыс салдарынан жапа шеккен Арыс тұрғындарына азық-түлік, киім-кешек және қаржылай қолдау беріледі,-деп хабарлады облыс әкімінің бірінші орынбасары. Рахат Сыдықов бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге облыс әкімдігі жанынан "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік қоры құрылды. Көмек қолын созам деушілер осы қорға қаржы аударуда. Бүгінде құрылыс материалдарына облыс 5 млн теңге қаржылай көмек көрсетті. Негізінен жапа шеккен өңірге жіберілетін жөндеу жұмыстарына қажетті шикізаттар 20 млн теңгені құрады. Арыс қаласының балаларын да жазғы лагерьлерге қабылдаймыз, - деді Рахат Сыдықов. Жергілікті билікпен қатар өңірдегі ірі кәсіпорындар мен жекелеген азаматтар Арыс халқына гуманитарлық көмек көрсетуде. Мекеме ұжымдары бір күндік жалақыларын аударды. Әлеуметтік көмек көрсету пункті "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының ғимаратында орналасқан. Облыстан әзірленген 24 мың тонна киім-кешек пен азық-түліктің ішінде 2 тонна күнбағыс майы, күріш, макарон өнімдері, қант, ұн, консервіленген ет тағамдары бар. Сонымен қатар, балаларға арналған тамақ түрлері бөлек сұрыпталып салынған. Әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында болған жарылыстың себеп-салдары әлі анықталып жатыр. Жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Гүлнара Жолжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
21:33, 11 желтоқсан 2019
президент принял председателей Национального банка и Агентст...
Толығырақ...