ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АҚТӨБЕГЕ ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІ КЕЛДІ

20:10, 4 қараша 2019


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев  Ақтөбеге  жұмыс сапарымен келді.  Вице -премьер бастаған Үкімет мүшелері облыстағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұртшылықпен кездесті. Алқалы жиында зейнетақы қорын пайдалану, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамту және өзге де  маңызды мәселелер талқыланды. Ақтөбеліктермен кездесуге вице-премьер Бердібек Сапарбаев, еліміздің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму сияқты  ведомтсво басшыларының орынбасарлары, денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы келді. Біздің басты мақсатымыз - Мемлекет басшысының Жолдауында Үкіметке берген тапсырмаларының қалай орындалып жатқаны және келешекте атқарылатын жұмыстары туралы мәлімет беру,-  деді Бердібек Мәшбекұлы. Ал,  атаулы әлеуметтік көмеке алып отырған азаматтардың саны 9 есеге артқан. Бердібек Мәшбекұлының айтуынша, қазіргі таңда еліміз бойынша 2 млн 200 мың тұрғын мемлекеттен ақшалай жәрдемақы алып отыр. Оның басым бөлігі балалар. Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін  елімізде жыл сайын  330-370 мың жаңа жұмыс орнын ашу қажет деді Вице-премьер. Осы ретте жоғары оқу орындары  нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлауы керек. Жаңа жылдан  бастап көпбалалы және мұқтаж отбасыларды қолдаудың кешенді бағдарламасы әзірленеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  әлеуметтік қызметтер порталы дайындалды. Медициналық қызмет көрсету, әсіресе,  халықты  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Үкімет басшысының орынбасары медицинаның көрсеткіші қазақстандықтардың өмір сүру жасымен өлшенетінін айтты. Мысалы, бүгінде елімізде орташа өмір сүру жасы-73 жыл 4 айды құрайды. 2025 жылға дейін мұны тағы 3 жылға ұзарту көзделіп отыр. Қысқасы, тұрғындардың дені сау, тұрмысу түзу болуы тиіс.  Спорт, мәдениет саласына да тың серпін беріледі.  Нұрсұлтаннан ат арылтып келген Үкімет мүшелеріне ақтөбеліктердің де айтары аз  емес.  Жауапты министрлік өкілдеріне қатысушылар  ауыл шаруашылығына бөлінген гранттар, денсаулық, білім, бизнес саласын дамыту мәселелеріне  қатысты сауалдарын қойды. Одан соң Вице-премьер аймақтың  ардагерлерімен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті.  Сондай-ақ  Үкімет мүшелері қаладағы  №64 орта мектепте жиналған мектеп директорлары мен білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Осы жерде  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің білім-ғылым жүйесінде жасалып жатқан жаңалықтарға кеңінен тоқталып, ұстаз мәртебесі, жалақының көтерілуі туралы түсіндіріп өтті.   Мәртебелі меймандар одан өзге медициналық Жедел жәрдем станциясының, «Аяла» оңалту орталығының жұмысымен және балалар стоматологиялық емханасы құрылысының барысымен танысты.

Гүлдана  Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...