ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

20:42, 14 тамыз 2019

Белбеулі күрестен ақтөбелік қос спортшы әлем чемпионы атанды. Әлем біріншілігінен жүлделі оралған жерлестерімізді облыстық дене шынықтыру және  спорт басқармасының басшысы мен олардың жақындары қарсы алды. Байрақты бәсеке тамыздың 8 мен 11-і аралығында Өзбекстанда өткен болатын. Нұрсәт Көшербай мен Сұлушаш Бөкенбайқызының жеңісі - төккен тер мен еткен еңбектің жемісі. Көптің үмітін ақтаған қос өрен Өзбекстан жерінде төрт күнге созылған белдесуде әлемнің мықты деген 24 балуанының арасынан топ жарды. Әлем біріншілігіне Ресей, Қазақстан, қырғызстан, Тәжікстан, Қытай және Жапония мемлекетінен келген 17 салмақ дәрежесі бойынша спортшылар бағын сынаған. Жеңімпаздарды облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы арнайы құттықтады.Нұрсәт - Байғанин ауданында тумасы. Күреспен 4 сыныптан бері айналысып келеді. осы уақытқа дейін респуликалық, халықаралық сайыста ел намысын қорғаған. Ал бұл жолы жеткен жетістігі бөлек. 85 келі салмақта боз кілемге шыққан ол, өткен жылы есе жіберген ресейлік қарсыласының жауырынын жерге тигізді.Қыздар арасында 44 келі салмақта күрескен Сұлушаш ақтық сында тәжік балуанымен кездесті. Финал тартысты өткен. Тәжік балуаны айла жасап ұпай алғысы келгенімен, жерлесіміз таза жеңіспен бірінші орынды иеленді. Бес жыл бойы спортты серік еткен ару жақын жандарына алғысын айтып, алдағы жоспарын айтып қалды.Сұлушаш отбасында екінші қыз. Алғашында анасы күреспен айналысуына қарсы болғанымен ол әпкесіне еріп, спортқа қызығушылығын жойған жоқ. Бастапқыда қауіпсіздігім үшін үйенемін деп келген қыз, Әлем шыңын бағындырған нағыш спортшыға айналды.

ЕРЛАН МҰҚАН

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...