ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

Ақтөбелік кәсіпкерлердің қолдауымен 1250 жоба жүзеге асты

20:38, 4 қазан 2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өнер орталығы және "Жұбановтар әлемі" музей-үйінде де болды. Өңірдегі мәдениет пен өнер, Ақтөбенің дамуына үлесін қосып жүрген қоғам беосенділерімен кездесті. "Ақтөбенің мүмкіндігі зор" деген Елбасы ақтөбеліктердің ыстық ықыласы мен қошеметіне ризашылығын білдірді.

Ақтөбеде бизнестің мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары. Олай дейтініміз кәсіпкерлердің демеуімен құны 50 млрд теңге болатын 1250 жоба жүзеге асырылған. Хан сарайындай салынған нысандардың бірі - өнер орталығы. 1200 орынға шақталған концерт залы көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Бұрын тарыдай әр жерде шашылып жүрген  12 өнер ұжымы енді осында жұмыс істейді. Олардың еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.

Өңірде елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы да сәтті жүзеге асуда. Аймақта туған жерге тағзым жобасы басталды. Яғни Ақтөбеде кіндік қаны тамған ағайындар қолдарынан келген көмектерін беріп жатыр. Осылайша олар елдің бірлігін отанына деген сүйіспеншілігін паш етуде.  "Жұбановтар әлемі" шығармашылық орталығы - соның айқын дәлелі. Кәсіпкер Қайрат Мәйтеков салған ғимаратта Жұбановтар әулетінің мол мұрасы сақталған. Орталық нағыз шығармашыл, өнерлі өрендерге қолдау көрсетеді.

Мемлекет басшысы музей-үйдің ішін аралап, облыстық филармония әртістерінің де өнерін тамашалады. Олардың орындауындағы "Үшқоңыр" әнін қосыла шырқап, өнер ұжымына ақ тілегін білдірді.

Президентпен кездесуге қоғам белсенділері де асықты. Әрқайсысының өз айтар ойы бар. Елдің дамуы, тәуелсіздіктің жемісі, кешегі ЭКСПО халықаралық көрмесінің абыройлы өтуі, ел болашағы үшін жасалып жатқан қадамдар, Елбасының салиқалы саясаты, "Рухани жаңғыру" мақаласы - ақтөбелік интелегенция өкілдерінің білдірген пікіріне арқау болды. Мемлекет басшысы да «Рухани жангыру» бағдарламалық мақаласының ерекшелегін атап өтті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

- Әлем көз алдымызда өзгеріп жатыр. Біз осы өзгерістердің ортасындамыз. Жаңа ғылым, жаңа дүниені танудамыз. Барлық жүргізіліп жатқан реформалар  болашақты жарқын келешекке әзірлеудің көрінісі

Басқосуда Ұлт көшбасшысы ниеттес болған Ақтөбе жұртына алғысын айтты. Естелік суретке түсуге шақырды.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...