ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

17:17, 13 мамыр 2019

 Ақтөбелік оқушылар республикалық олимпиададан  олжалы оралды.  "Білім-инновация" лицейлері арасында өткен дәстүрлі  бәйгеге оқу ордасының 44 оқушысы қатысып,  3 алтын, 3 күміс және 22 қола медаль иленді. Жеңімпаздарды бүгін теміржол вокзалынан балалардың ата-аналары, ұстаздары және біздің тілшілер де күтіп алды. "Қазақстан Білім олимпиадасы" - елімізде 20 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі білім бәйгесі биыл мамыр айының 9- мен 11 аралығында Шымкент және Тараз қаларында өткен болатын.  Оған еліміздің барлық өңірлеріндегі білім-инновация лицейлерінің оқушылары қатысты.Ақтөбенің намысын қорғаған 44 оқушының   28-і жүлделі оралды.  3 алтын, 3 күміс, 22 медаль  иеленген  білім ордасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді. Жарыс қорытындысы бойынша Ақтөбелік  балғындар   "Ең үздік  команда" номинациясын жеңіп алды.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...