ШҰҒЫЛ! 969 адам жұмыспен қамтылды Толығырақ

Ақтөбелік спортшы Азия чемпионатынан жүлделі оралды

16:46, 13 қыркүйек 2017

Ақтөбелік спортшы Диана Назарова 9-шы Азия чемпионатынан жеңіспен оралды. Ол 100 метрге жүзуден - күміс, сондай-ақ, командалық эстафетада қола медальді қанжығасына байлады. Бүгін еліне олжалы оралған спортшыны әуежайдан бір топ ақтөбелік күтіп алды. "Диана, жарайсың" деп айқайлаған дауыстар жерлесіміздің мерейін үстем етті. Азия чемпионатының жүлдегері бүгінде ел құрамасында өнер көрсетіп жүр. Алдағы уақытта ол Ашхабадта өтетін бесінші Азия ойындарына, содан соң, Теміртау қаласында өтетін Қазақстан кубогіне жүзу спортынан қатысады. Диана Назарованы күтіп алуға ата-анасы да келді.

ГҮЛНАР НАЗАРОВА, Д.НАЗАРОВАНЫҢ АНАСЫ

- Ол үйде көп бола бермейді. Себебі, қазір Қазақстан құрамасы атынан шығады. Әрқашан жаттығу, одан соң, жарыстар... Әр жеңісіне қуанып отырамыз. Өзім де спортшымын. Сондықтан жеңіс пен жеңілістің не екендігін жақсы білемін. Қызым жарысқа қатысқанда үйде тақым қысып отырамын, Диананың биіктен көрінгенін қалаймын

Тақырып бойынша материалдар

12:51, 24 қараша 2017
Жер телімдерін жалға беру аукционы өтеді
Толығырақ...
"Нарқыз" дастаны тұңғыш  рет сахналанды
12:47, 24 қараша 2017
"Нарқыз" дастаны тұңғыш рет сахналанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...