ШҰҒЫЛ! БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ Толығырақ

АҚТӨБЕЛІК ЗЕРГЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ДАЙЫНДАЛУДА

16:05, 8 қараша 2018

Желтоқсан айында Ақтауда зергерлік бұйымдардың халықаралық көрмесі өтеді. Оған әлемнің 50-ге жуық елінен қолөнер шебері шақырылған. Кувейт мемлекетінде өткен көрмеде араб шейхтарын таң қалдырған ақтөбелік зергер бұл жолы қандай жұмыстарын ұсынбақ?

Маңғыстау облысында өтетін көрмеге ақтөбелік зергер күмістен соғылған әйелдердің әшекей бұйымдарын апармақ. Білезік, сырға, шолпы мен алқа. Болат Атыраубаевтың қолынан шыққан  бұйымдар Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропаның музейлерінде тұр. Қазақтың ұлттық бұйымдарын әсіресе шейхтар жоғары баға берген.  

Ежелден сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерге қазір де сұраныс жоғары. Біреулер тапсырыспен жасатса, кей нәзік жандылар көне бұйымдарын реставрацияға әкелуде. Мәселен, 65 жастағы Қамқа Ысқаққызы әжесінен қалған қарсы ілгекті жөндеуге тапсырыпты. 2 ғасырлық тарихы бар бұйымды зергер қалпына келтірген. Таза күмістен жасалған қапсырманы зейнеткер немересіне сыйламақ.

Зергердің қолынан шықұқан бұйымдардың дені  механикалық әдіспен шығарылған. Шеберханада тапсырыспен алынған арнайы құрылғылары тұр. Болат Атыраубаевтың әзір дербес шеберханасы жоқ. Ол "Нұр Ғасыр" мешіті ғимаратының аядай бөлмесін жалға алып отыр. Тың туындыларын көлемі 5 шаршы метрді құрайтын жерде жасауда.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНДА ЕЛБАСЫ ҚОЛТАҢБАСЫ БАР
17:24, 21 наурыз 2019
АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНДА ЕЛБАСЫ ҚОЛТАҢБАСЫ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЕЛГІЛІ САЯСАТТАНУШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
20:34, 15 наурыз 2019
БЕЛГІЛІ САЯСАТТАНУШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...