ШҰҒЫЛ! Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді Толығырақ

​АҚТӨБЕЛІКТЕРДІҢ АМАЛ МЕЙРАМЫ

18:00, 14 наурыз 2019

Наурыздың 14-і - еліміздің батыс өңірлерінде Амал мейрамы. Яғни, қыстан аман шыққан тұрғындар Амал келді, жыл келді деп құшақтасып көріседі. Көне дәстүр соңғы жылдары әсіресе жаңғырды. Бүгін Ақтөбеде Наурыздың келгенін көше бойында көршілер болып тойлап жатқандар көп.

Спецавтобаза бау-бақша ұжымының 200-дей тұрғыны бүгін осылай құшақтасып, көрісіп жатыр. Жас-кәрінің бәрі бірдей ортақ тойға  ұлттық киім киіп шығыпты. Жастар жағы арқан тартысты, гір көтерді. Қазан көтерген көршілер жеті түрлі дәмнен наурыз көже асты. бір сөзбен айтқанда,  Амал мерекесін атап өтіп, ауызбіршілік көрсетті. 

Бұл шараны жастарға үлгі болсын деп ақтөбелік ақсақалдар өздері бас болып жылма-жыл өткізіп келеді.  Осы жолы да дәстүрден жаңылмады, киіз үйге ақ дастарқан жайылды. Ақ мол болсын деп батасын ақсақалдар берді.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
15:24, 23 наурыз 2019
Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Толығырақ...
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...