ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

"АҚТӨБЕМҰНАЙХИМ 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

18:15, 16 мамыр 2018

Ақтөбеде тау-кен, металлургия, энергетика және мұнай химиясы қажетті өнім өндіруші кәсіпорындардың халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Оған алыс-жақын шетелдерден 30-дан астам компания қатысуда.

Ақтөбелік "Каз заказ" серіктестігі халықаралық көрмеде өз өнімдерін ұсынған компаниялардың бірі. Негізінен құрылыс саласында қызмет ететін ұйымның құрылғанына көп бола қойған жоқ. Алайда, қазірдің өзінде онға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінгі шара барысында, серіктестік өкілдері таяу уақытта іске асыратын жаңа инновациялық жобаларын ұсынды. 

Бұл көрме жыл сайын өткізіліп келеді. Негізгі мақсат - отандық және шетелдік өндірушілер арасында байланыс орнату. Бүгінгі шараға "Казхром", "Ақтөбе мыс компаниясы" сынды тұрақты түрде қатысып келе жатқан кәсіпорындардан өзге, Ресей, Түркия және Украина елдерінің компаниялары қатысты. Олар тау-кен, мұнай химия және металлургия саласына қажетті жабдықтарын көрмеге қойды. Тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізді.

Көрме жұмысы екі күнге созылады. Оның аясында семинар-тренингтер өтіп, қатысушыларды облыстың ірі кәсіпорындарына апару көзделген.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАР ҚЫЛМЫСЫ ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР
19:56, 22 қаңтар 2019
ЖАСТАР ҚЫЛМЫСЫ ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - ПАРЫЗ
18:27, 22 қаңтар 2019
МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - ПАРЫЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...