ШҰҒЫЛ! КӨШЕ САУДАСЫН ДАМЫТУҒА 250 ЖЕР ТЕЛІМІ БӨЛІНЕДІ Толығырақ

Ақын Молдабайдың есімі ұлықталды

14:43, 8 желтоқсан 2017

Дәстүрлі ән өнерінің тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі - Молдабай Тәңірберлінің құрметіне Мәртөк жұрты ескерткіш орнатты. Туған жерінде ас беріліп, рухына тағзым етілді. Ақындар айтысы ұйымдастырылып, ғылыми-практикалық конференция өтті.  Мәртөкке облыстың барлық өңірлерінен айтыскер ақындар, тарихшылар,  ғалымдар жиналды.

Тұлғаны ұлықтау шаралары аясында аудандық  мәдениет үйінің алдында Молдабай ақынның ескертікіші орнатылды. Ашылу рәсімінде сөз сөйлегендер Молдабай Тәңірберлінің мол мұрасы қазақ ән өнерінің қазынасы, десті.

Молдабай бейнесі сазгер, әнші-орындаушы ретінде асқақ. Оның бұлбұл даусы ел жадында қалған. Қыр басына шығып, Молдабай домбырасымен ән салғанда, әншінің даусы сайдың төменгі етегіндегі ауылға естіледі екен. Бұл - қариялардан қалған  әңгіме. Әншілік өнерімен Молдабай Орынбор жәрмеңкесінің сәнін келтірген. Оның мұрасын алғаш  зерттеген Ахмет Жұбанов -Молдабай  нағыз дала серісі деп анықтама берген.

Молдабайдың  көптеген әндері ел арасына кең тараған. Бірақ  аласапыран заманда көпшілігі ұмытылған. Бізге «Қойшының әні», «Бестоспа», «Сусар-ай», «Молдабай» секілді саусақпен санарлық туындылары ғана жетіп отыр. Қалғанын іздеп, жинастырумен өнер зерттеушілері айналысуда.  Молдабайдың тағы бір қыры - ол суырып салма ақын болған. Оның Алтын деген қызбен айтысы жөнінде деректер бар. Әйгілі күйші Қазанғаппен кездескен. Әбілқайыр хан ұрпағы, күйші Қамбар Медетовпен дос болған.

Молдабай Тәңірберлінің құрметіне өткен айтысқа облыстың барлық аудандарынан ақындар келді. Олардың арасында жас өнерпаздар да бар. Екі жыл бұрын ашылған Қамбар Медетов атындағы жалғыз өнер мектебінің ақындар класы айтысқа екі  үміткерді қосты.

Бүгінде Молдабай жерленген қорым табылды. Оның ұрпақтары  Мәртөк ауданы Қызылжар ауылында тұрады. 93-ке келген кейуана Әсия Қалижанқызы атасы туралы еселіктерімен бөлісті.

Ақтөбе  облыстық тарихи-өлкетану музейі  мен аудан басшылығы Молдабай есімін есте сақтау, оның мұрасын насихаттау бағытында  біршама жұмыстар жасап жүр.  Осы жиында оның атына көше беру туралы ұсыныстар айтылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР
20:26, 10 тамыз 2018
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ...
Толығырақ...