ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АҚЖАРҚЫН ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ МҮМКІН

21:24, 18 қыркүйек 2019


Қытайда есірткі тасымалдады деп күдікке ілініп, сотталған жерлесіміз Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары айтты. Отандасымыз қазір үкімге шағым түсіру кезеңінен өтіп жатыр. Егер айыптаушы үкім өзгеріссіз қалса, біздің тарап жерлесімізді Қытайдан сұрауға құқылы. Сол кезде ол жазасын Қазақстанда түрмесінде өтемек», - деді Марат Ахметжанов. 

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ
ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  
-Сотталған адамдарды беру туралы бізде Қытаймен екіжақты келісім бар. Қытай сотының соңғы шешімін күтетін боламыз. Егер ақтайтын болса, бұл тамаша болар еді. Ал сотталса, Ақжарқын Тұрлыбай ұсыныс айтуға құқылы. Тиісінше, біздің де жерлесіміздің Қазақстан аумағында жазасын өтеу туралы сұраныс жіберуге құқығымыз бар.
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

700 ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ
18:27, 24 қаңтар 2020
700 ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ
Толығырақ...